Өлең, жыр, ақындар

Бұл өмірде кісімен

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 436
Бұл өмірде кісімен
болмасам да бақталас,
боқтамаса ішінен,
бірі мені мақтамас.
Жылар жерде жыламай,
күлмес жерде күлдім бе,—
шала таныс бір ағай
жақтырмай жүр бүл күнде.
Қызғана ма орнымды,
қай сұмырай қалды аяп,—
Күндей-күндей қор қылды,
менде кегі бардай-ақ.
Жаны мүлде жай таппай,
жағаласып бір керең,
басқаларға байқатпай
баспалайды іргеден.
Күндейтіндей қор неме,
жүндейтіндей сыртымнан,
шықпап едім төрге де,
бұқпап едім жұртымнан:
озбағамын өрде мең,
қозғар әнім кеп тегі,
жазығы жоқ пендемен
жауласқаны, неткені?
Күліп-ойнап жүрдік тең
дей алмаймын күш те кем,
қулықпен де сұмдықпен
жұрт алдына түспеп ем! 
Жазығы жоқ жандыға,
жаужүрекпін мен деген,
біреуінің алдына
тұрмаған ем көлденең.
Өмірдегі өз орның
өзіңдікі десті үн де,
бермейін деп,
безердім,
ермейін деп,
ешкімге.
Құтылмады қыртыңнан,
кетті мені көп "елеп".
Сөз етердей сыртымнан,
осыларға не керек?! 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде (есімде жоқ нақты күні),
алыстан естіліп бір ат дүбірі,
сыңғырлап сауыт-сайман,
кіреукелер,

Толық

Көңілдің көк дөненін шаптырғасын

  • 0
  • 0

Көңілдің көк дөненін шаптырғасын,
Жақтырсын қатын-бала,
жақтырмасын,
Алыстан асыға бір аңсай жетіп,

Толық

Әкемнің бір құрдасына

  • 0
  • 0

Қалжырапсың, қартым-ай!
Қартайдың ба?
Жатырқамай,
Жастық бар,

Толық

Қарап көріңіз