Өлең, жыр, ақындар

Әкемнің бір құрдасына

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 479
Қалжырапсың, қартым-ай!
Қартайдың ба?
Жатырқамай,
Жастық бар,
Жантай мұнда.
Ашуыңды аңсаппын,
Ақылыңды...
Айналып та жататын арты айбынға.
Күштің бәрін сарқып-ақ бердің бе елге,
Сұстың бәрін уақыт сөндірген бе?
Қаһарыңнан қаймығып тұрмаушы ма ек,
Бұрқ-сарқ етіп есіктен сен кіргенде.
Оранып ап қаудырлақ ішігіңе,
Қалжыңыңмен қармақтай
Кісіні іле,
Салып ұрып жетуші ең,
Сәл ренжісең
Ауыл үйдің әлдебір «күшігіне».
Насыбайдың тең бөліп бір атымын,
Әкеме кеп мұң шағып тұратының.
Бәрі-бәрі есімде...
Шырт түкіріп,
Әлдекімнің «енесін ұратының...»
Қалғаның ба, қартым-ай, алқынып та,
Ентігіңді басшы өзің,
Сәл тынық та,
Әкем барда жарыса сілтесетін,
Қалай едің мына бір «жартылыққа?!»...
Түсті ме еске думаның бір жақтағы,
Көзіңнен жас қалайша бұршақтады?!
Тұрымтайдай ұлына тұстасыңның
Тұрсың ба сен, апыр-ау, мұң шаққалы?!!
Қой, қой, қартым,
Кеудеңде жан барында,
Қапаланып,
Қайдағы барма мұңға.
Ары кетсе бір «күшік» үрген шығар,
Соған бола қажып-ақ қалғаның ба?!
Ұқпады ма әлде бір «мықты неме»,
Соған бола қауқарым бітті деме.
Арғымақтың жалынан жел гулеткен,
Асау шағың есіңнен шықты неге?!
Бойда қуат,
Барында білек күшің,
Дұшпанның да іздеуші ең жүректісін.
Қартайдым деп несіне күйінесің,
Қарттықты сен құдайдан тілеппісің?!
Ауыр шақта жұртыңның сүйреп көшін,
Алқынбауды басқаға үйреткесің.
Сан қырлардан салдыртып өтемін деп,
Сақалыңды сонымен сиреткесің.
Айқастардан қалмадың шеттеп тегі,
Ажалды да арманың беттетпеді.
Желбіреген қып-қызыл ту астында
Желкілдеген жастығың өтпеп пе еді?
Жұрт алдында ақ-адал жаның да, арың,
Елің үшін қиғансың бәрін-бәрін!
Ұрпағың бар сендерге тартып туған,
Жоқтатпайтын сендерді бар ұлдарың.
Қажыма, қарт!
Жаныңды шер мекендеп, ...
Қылпылдап-ақ отырмын мен де терлеп.
Қаһарыңмен баяғы қарғып тұрып:
«Садаға кет әкеңнен!» – дер ме екен деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үндемейсің...

  • 0
  • 0

Жоққа бола тағы да ерегестік,
енді осылай ұлғая бере ме өштік?
Өлтірсеңші айтып-ақ, үкімімді

Толық

Арланның ажалы

  • 0
  • 0

Айнала атағымен дүрілдеткен,
Ит еді ол бар өмірі қырында өткен.
Даң-дұңға есі шыға аласұрып,
Аңшының айтағынан бұрын кеткен.

Толық

Тіршілік тұнығынан қанып ішкім

  • 0
  • 0

Тіршілік тұнығынан қанып ішкім
Келді ме,
осы жолы алып-ұштым,
Жанымды барады өртеп, қарағым-ай,

Толық

Қарап көріңіз