Өлең, жыр, ақындар

Балапан

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 389
Біреулермен дүрдараз,
біреулерге айбарлы,
ауламызда бір қораз
жүрді қызыл айдарлы.
Елді ертерек құттықтап,
естілетін қарлығы үн,
Бір дән тапса — қыт-қыттап,
шақыратын барлығын.
Шібилер мен шөжелер
жетіп келсе, тезірек
әлгі дөңді гөзел ер
қоюшы еді өзі жеп.
Соның әзін жалданып,
назар біткен ауып бар,
қалдық-ау деп алданып,
ойламайтын тауықтар.
Апарса да қайда алып,
жас мекиен жар тауып,
үйіріліп, айналып,
жүруші еді бар тауық.
Балапанға мұнысы
жақпады ма — таласты-ау:
— Арамыздан — дұрысы
бұл кәпірді аластау!
Деп, айнала жар салды, —
(бірақ оны кім ұғар),
бүйте берсе —
баршаңды
аш қатырар түрі бар.
Тағы бірі килікті:
— Жүретіндей аты есте,
берейік те билікті
берекелі әтешке!
Ұнамады ол талап,
тауық біткен — жас-кәрі,
Әлгі екеуін ортаға ап,
жүндей түте бастады.
Бірі — кейін, бірі — алда,
қыт-қыттасты даурыға,
Мұндай тобыр тынар ма
жынды қылмай сауды да.
— Мұндай сөзге кім сенер,
тіл тигізіп қоразға!..
— Жемін тауып жүрсе егер —
екеуіне сол аз ба?
— Сыйлау керек тәжін де
өзі емес пе ептінің,
арамызда әзірге
бұдан асып кетті кім?
Шіби шоқып бір кетті,
қыли шоқып бір кетті.
Күркілдесіп,
қыт-қыттап,
салды дейсің дүрмекті.
Батылы бар, батыры,
терсек демей дара дән,
әлгі екеуі ақыры
айдап шықты арадан.
Қалды дейсің аяп кім,
сыздаса да сан еті,
Алғашқыда таяқтың
көп тиетін әдеті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл өмірде кісімен

  • 0
  • 0

Бұл өмірде кісімен
болмасам да бақталас,
боқтамаса ішінен,
бірі мені мақтамас.

Толық

Түні бойғы ойлардың сарқып бәрін

  • 0
  • 0

Түні бойғы ойлардың сарқып бәрін,
қалдың ба сен атып-ақ, барқыт таңым,
құшағында шабыттың балқып, талып,
көрді дейсің осылай шалқып та кім?

Толық

Сері ме

  • 0
  • 0

Сері ме,
селтеңі ме,
пері ме едім,
байыппен бағалапты мені де кім, —

Толық

Қарап көріңіз