Өлең, жыр, ақындар

Патша әмірі тарылды

  • 21.11.2015
  • 0
  • 10
  • 43258
Қызығыңды көп көрдім,
Қарабастау, Құлансаз*.
Күндерімді өткердім,
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз.
Ештеңе жоқ уайымнан,
Жүруші едік көңіл мәз.
Патша әмірі тарылды,
Оған қылар бар ма ылаж?!
Ішке толған зарымды
Кімге айтармын қылып наз!
Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
Көкіректі зар қылып,
Қорлықпен қайтіп өтерміз?!
«Бес үйден бір жігіт!» деп,
Болыстар жүр шапкылап.
Жасауылы үй тінтпек,
Қылыштары жарқылдап.
Бүйтіп көрген күн құрсын,
Жапырақтай қалтырап!
Таусылғандай тынысың,
Күнде жүрек қансырап.
Дүниенің кеңдігі -
Жүргеніңде басың бос.
Жан қысылса, белгілі,
Таба алмайсың жақын дос.
Өз араңнан шыққандар
Таяқ соғар өзіңе.
«Әр нәрсеге - бір зауал»
Дейтін еді кезінде.
Би, болысты тәңірі атты,
Ел қорғауға жарамай.
Ағайынды еңіретті,
Көз жасына қарамай.
Енді ойласақ, не қалды,
Ата жұрттан кету бар.
Жолға тігіп не жанды,
Тәуекелге беку бар!
Не болмаса шыбындап,
Тағдырыңа көну бар.
Көнсең, күнде шығындап,
Ит қорлықта өлу бар!

* Қарабастау, Құлансаз - Сүйінбай мен Жамбыл ауылының жайлауы.



Пікірлер (10)

еркебулан

оте жаксы керемет

Рамазан

Магыналы олен маган унады

Маржан

Оте керемет

Маржан

оте керемет

Маржан

Маган катты унады.Оте магыналы олен екен.Мен осы оленди Жамбыл Жабаевтын кешинде айтып бириншы орынды алып шыктым.Соган катты куанып турмын

Қанат

өленің идеясын түсіңбедім

Назира

Өте тамаша, керемет

Ботакөз

Керемет!!!???? бірақ мағыналары өте терең кейбір жерлерін түсінбедім

Жулдызай

Улт-азаттық көтерілісі кезіндегі оқигаларды осы оленге жаксы суреттеген.

Жанар

Өте керемет өлең.маған қатты ұнады.

Пікір қалдырыңыз

Шәкірт балаларға

  • 0
  • 4

Балдыраған балғын балалар,
Мойнына қызыл байлаған»
Майысып сұлу мәуесі
Түрлерің гүлдей жайнаған.

Толық

Тәжібайға

  • 0
  • 0

Жасымнан атым аян Жамбыл едім,
Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім.
Сөйлесем сары түнге шалдықпайтын,
Қақырап қайран даусым қалды менің.

Толық

Дәрігерлер съезіне

  • 0
  • 0

Қазақтың тиеп алған көп мақалын,
Мен өзім көпті көрген ақ сақалмын.
Дәрігерлердің съезін құттықтарда
Солардың бәрін де мен есіме алдым.

Толық

Қарап көріңіз