Өлең, жыр, ақындар

Кешқұрым

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 950
Кешқұрым...
Талып жетіп қырқадан үн,
Жас сұлу махаббаттың шырқады әнін,
Тұтқиыл тымық түні дауыл тұрып,
кеудесі көк теңіздей бұрқағанын.
Тандырған жігітті де, оны да естен,
күндерін қосады әнге өліп-өшкен,
Қаншама азапта да, мазақта да,
жүргенін жүрек оты кеміместен.
Қызуын — кешегі ыстық от түндердің,
қызығын — қуанышы көп күндердің,
қыстыға қосады әнге қайран ғашық,
хош айтып қыз-дәуренге шектірген мұң.
Мәпелеп бағып-күткен гүл-егінін,
кеткендей бұршақ ұрып, білеп үнін,
Шағынды-ау құрып кеткір көркін де айтып,
өршіген ертін де айтып жүрегінің.
Өртенген аш өзегін дерті кілең,
неткен жан деп ойладым мен түнімен.
...Құлақта сыңсып салғап қыздың әні...
көңілде көп мұңайған сен тұрып ең...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызыққа да

  • 0
  • 0

Қызыққа да,
Қызға да бұрылмастай,
Жүрем кейде ешкімге сырымды ашпай,
Жүріп алам жоламай жақсыға да,

Толық

Қайда барып

  • 0
  • 0

Қайдағы күйкі тірлік,
күңкілге еріп,
бара ма күннен-күнге күлкім кеміп,
шалардай ызғар-өмір үсігі анық,

Толық

Сен түгіл

  • 0
  • 0

— Сен түгіл,
ал ар еді көкми ұғып,
қалайша түсінбейсің!— деп түйіліп.
Апыр-ай, ауыр-ауыр сөздер айттың,

Толық

Қарап көріңіз