Өлең, жыр, ақындар

Миллиард ұны

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 357
Ырыс тасып кеше бұл қыр, белеңнен,
Ырыздыққа ер елім шын кенелген.
Бүгін енді сол жерде ақпаныңның
Ақ түтегі басталды дүрбелеңмен.
Боран ба бұл, қыс – күйші күймен ашқан,
Той емес пе, тоғайлар биге басқан.
Миллиард ұнын мінекей, жатыр елеп:
Дала – наубай, бұлт – елек, диірмен – аспан!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көгілдір әлем

  • 0
  • 0

Өңірің өңшең өрім гүл,
Көлдерің – күміс, көгің – нұр;
Көргенде сені көңіл дүр,
Көгілдір, Көкшем, көгілдір.

Толық

Көкшеге келсең көктемде

  • 0
  • 0

Көкшеге келсең көктемде,
Көресің жарқын жарасым.
Рахман нұры өпкенде,
Рахаттанып қаласың.

Толық

Армысың, акқу арулар

  • 0
  • 0

Салып бір сыршыл сарынға,
Сусылдап қондың қалыңға;
Сағынып туған өлкені,
Айдынды аңсағаның ба?

Толық

Қарап көріңіз