Өлең, жыр, ақындар

Оқжетпес бейнесі

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 268
Құлпырған бояуымен көктеменің,
Бұлқынған «Айнакөлдей» өр кемерің;
Сияқты сұлулықтың баламасы,
Оқжетпес, сен не деген көркем едің?!
Үлбірер ақша бұлттар айдарындай,
Керім тау, кербез қойнау қайда мұндай?
Оқжетпес тастан құйған пирамидам,
Қасқиған қазағымның айбарындай!
Өзіңді аңсап келген жат-танысым,
Қуанып қызығыңа батқаны шын.
Аңыздай тарап кеткен ел аузында,
Оқжетпес, сенсің менің мақтанышым!
Қырандар қиясынан көп түлеген,
Оқжетпес – кіші Парнас деп білем мен.
Ол – Даңқ, олқысынба, ал даңқтың,
Шыңына көзің жетпес көк тіреген!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім

  • 0
  • 0

Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім,
Жаздай, Айнам, бір қызыққа батты елің.
Аққу қыздар айдынында, беу, қандай,
Құралай көз, кептер кеуде, тәтті ерін!

Толық

Көкшемде болдым бүгін

  • 0
  • 0

Көкшемде болдым бүгін,
Көксеткен көптен бері;
Көркімен көктемдегі,
Көз тартқан көк белдері.

Толық

Айдын жағасында

  • 0
  • 0

Арала дала көрмесін,
Өмірден бір сәт түңілсең;
Қозғаған көңіл пернесін,
Сыр қанша көлге үңілсең.

Толық

Қарап көріңіз