Өлең, жыр, ақындар

Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 449
Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым,
Өлең еді туғаннан-ақ қорғаным.
Мына заман бетпақ, арсыз, байдікі,
Кедей ақын жырлап өтер ел қамын.
Осы күні жазғыштар да көбейді,
Сөйлетеді ақша мылқау көмейді.
Ақшалы ақын алқа топта әдейі
Таптап кете жаздап жүрер кедейді.
Кедей жүрер мадақталмай, мақталмай,
Әлін біліп әлгілерше баптанбай.
Ақшалы ақын алшаң басып аяқты
Суырылар бар қазақты баққандай.
Бай шіренер көкті тіреп тұрғандай,
Қайраткерсіп мемлекетті құрғандай.
Руластар жүрер соның соңында
Байлар артын қылғандай.
Ел аралар Әуезов боп, Абай боп,
Шығып жатар ауыздардан талай боқ.
Жас ақындар сауналарға сүйрелер
Байдың жүрген жері алтын сарай боп.
Диірменді айналдырып көтімен,
Пірадарсып ақыл айтар шетінен.
Қолдарына су құятын жас ақын
Мәз болар-ау сарқыт берсе етінен.
Жәй Қасымдар хан атанар кісі боп,
Ақша, мансап –көретұғын түсі боп.
Руластар қолтығынан қолтықтап,
Тіміскілер кеуделерін күшік – от.
Жырға деген ниет бір сәт тапталар,
Мүшәйрада елден таса, сақ болар.
Сауналатып барын салған жас ақын
Уақытша бас бәйгені ап қалар.
Теріс қарай ағызғандай Есілді,
Шашбаушылар соңына еріп есірді.
Ал жас ақын еске салды баяғы
Ояздарды тасып өткен көшірді...
Тіршілікте ұқсаса да қасқырға,
Бола ма олар бұл қазаққа бас тұлға.
Өлгеннен соң, «міскін-кедей» ақынның
Қалып кетер табанының астында.

6. 10. 2008 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лебі еспей менен жаздың

  • 0
  • 0

Лебі еспей менен жаздың,
Ойым быт-шыт, өлең жаздым.
Сөз жүйесі жүйкелеген,
Құралмаса, неден мәзбін?

Толық

Ағаш боп неге жаралмадым мен

  • 0
  • 0

Ағаш боп неге жаралмадым мен,
Пана боп саған тұратын.
Құс болып неге оралмадым мен,
Көктемде сауық құратын.

Толық

Ойға батып отырамын

  • 0
  • 0

Ойға батып отырамын,
Келмесе деп атыма мін.
Бауырымда сусындаған,
Қайда түсер жапырағым?

Толық

Қарап көріңіз