Өлең, жыр, ақындар

Генерал Жеңісбай Сұлтановқа

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 314
Ар алдында адалмын ба өзі мен,
Қарайыншы сырт адамның көзімен.
Талай нәрсе сіңіп еді санаға
Көпті көрген генералдың сөзінен.
Сендіп адамдар маған дағы ақын деп,
Пенде емес, ғарыш жаққа жақын деп,
Қол босатпас тіршіліктің арқауын
Күйкілікпен үзетұғын пақыр көп.
Алдағандай болып жүрмін, не етемін,
Алаңғасар ақын болған не теңім!
Кейде-кейде асқақтап-ақ жүргенмен,
Бөксемді де жаба алмайды етегім.
Генералдай адал жанды көрмегем,
Адалдықпен аман тұр ғой жер деген.
Менмін деген кейбір шенеуніктердің,
Ұшып кетіп жатыр сөзі желменен.
Ата көрген оқ жонады деген бар,
Жазар болсаң, генералдай тереңді ал.
Желкемдегі шайтан кері тартқанмен,
Кеудемде бір бағынбайтын өлең бар.
Генералым, алдағандай болдым-ау,
Алдымызда жатқан қысқа жол мынау.
Өзіңіздей ағалардың сенімін
Ақтай алмай жүргенім де қорлық-ау.
Ар алдында адалмын ба өзі мен,
Талай жаннан сөз түсінбес безіп ем.
Айналамды риза етіп, өмірге
Қарайыншы имандылар көзімен.

30. 08. 2008 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұғып қалып помадаң

  • 0
  • 0

Жұғып қалып помадаң,
Қысылдым-ау терлеп тым.
Ойың болып қалаған
Күліп-күліп сен кеттің.

Толық

Қаз-қаз балам, қаз балам

  • 0
  • 0

Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам,
Бақытты жан өзіңсің
Сенен ешкім озбаған.

Толық

Қабылдау бөлмесі

  • 0
  • 0

Телефонмен шақырдың келіңіз деп,
Өзіңізге дайын ғой төріміз деп.
Салып ұрып барайын бәрін тастап,
Адамзатқа жетпейтін көңіл іздеп.

Толық

Қарап көріңіз