Өлең, жыр, ақындар

Ойға батып отырамын

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Ойға батып отырамын,
Келмесе деп атыма мін.
Бауырымда сусындаған,
Қайда түсер жапырағым?
Кірпігімнен жас кеппеді,
Адам түгіл, тас та өкпелі.
Болашағым не болады –
Ештеңеге бас жетпеді.
Шай да батпай шайлығамын,
Шыңылдайды қай құлағым?
Кімге керек адалдығың,
Кімге дәрі қайғылы әнің.
Тұрған жоқ-ау қозым да оңып,
Тұрақтамас сөзім қонып.
Кетсем бе екен ың да шыңсыз,
Өзім менен өзім болып.
Қу тіршілік жағаласып,
Қайрылмады қабақ ашып.
Өлеңім де өртенеді,
Бара жатыр бәрі адасып...

18 маусым, 2004 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мінәжат

  • 0
  • 0

Ей, Есім хан, Абылай ояныңдар, тұрыңдар,
Сахилықтың жолында күйдіреді ұлыңды ар.
Тірілерден бір қайыр болмаған соң дорба алып,
Қол сілтедім тірлікке ертең жоқ та, бүгін бар.

Толық

Тұңғышбай

  • 0
  • 0

Бұл ғұмырда не көрмеген Тұңғышбай,
Мәңгілікке көнермеген Тұңғышбай.
Арыстанға арыстанша ақырып,
Өсіп өнген өнерменен Тұңғышбай.

Толық

Кезім еді болатын сезімге мас

  • 0
  • 0

Кезім еді болатын сезімге мас,
Кетті бірақ, қайтейін, қарамай бақ.
Бір бөтелке қолымда,
Көзімде жас,

Толық

Қарап көріңіз