Өлең, жыр, ақындар

Жынды қылған бұл өлең

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 444
Жынды қылған бұл өлең
Төгіліп кетсе қайтеді.
Кеуде тұсым қақырап
Сөгіліп кетсе қайтеді.
Толып қалған ішім де
Жарылып кетсе қайтеді,
Сөздеріме айналам
Табынып кетсе қайтеді?
Түк қалдырмай жүректің
Қырындысын қаспағын.
Датымды айтып Аллаға,
Жеткізіп жатса қасқа мұң.
Қазынасын кеуілдің
Қаза алмай-ақ қор болдым.
Тілімдегі сөзімді
Жаза алмай-ақ қор болдым.
Кім қызығар түріме
Осы менің тұрысым.
Жаза алмасаң дертіңді
Көрген күнің құрысын!
Тентек еткен бұл өлең
Төгіліп кетсе қайтеді,
Кеуде тұсым қақырап
Сөгіліп кетсе қайтеді?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім

  • 0
  • 0

Қайта-қайта санамда жаңғырдың, гүлім,
Іздеп сені қалада қаңғырдым бүгін.
Өлең жазам деп едім сезімді-ойлы,
Сүйкеп жаттым дәптерге жаңбырдың жырын.

Толық

Адамға сірә ұнамас ойдан

  • 0
  • 0

Адамға сірә ұнамас ойдан,
Егіліп ерте жыламашы, айнам.
Кеудеңнен ерке бұлақ аш, айнам,
Түсінбес жаннан тұра қаш, айнам.

Толық

Толқынына телміріп ұлық Сырдың

  • 0
  • 0

Толқынына телміріп ұлық Сырдың,
Көріп келем жасымнан қырық сүргін.
Нем бар менің қазақтай ұлттан бөлек
Сол себепті ұлыған ұлтшылмын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар