Өлең, жыр, ақындар

Толқынына телміріп ұлық Сырдың

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 410
Толқынына телміріп ұлық Сырдың,
Көріп келем жасымнан қырық сүргін.
Нем бар менің қазақтай ұлттан бөлек
Сол себепті ұлыған ұлтшылмын.
Ұлтшылмын Ахмет, Мағжандардай,
«Ұлтым» десем алдымнан бақ жанғандай.
Тіл тигізсе әлдекім ұлтыма кеп
Сөз сөйледім аспанды қақ жарғандай.
Алдандырған әуелден нала бағы,
Қазағымды қай кірме таламады.
Суын ішкен ұлтым-ай мәңгіліктің
Ұлт болмаса мен кіммін даладағы?!
Ұлтшылмын Міржақып, Жүсіпбектей,
Өлең жаздым «ұлтым» деп, ісіп-кеппей.
Аман қалғам түңғиық түсіп кетпей,
Боранына «Қызылдың» үсіп кетпей.
Сұмдық ойлар тереңге батырса да,
Ғаламшарда қиялым шатылса да,
Ұлтшыл боп қаламын, Ұлтшылмын,
Талай боздақ тағы да атылса да. .
Менен артық еді ғой атылғандар,
Кемелерін саясат батырғандар.
Саясат деп ұлтымды құртып тынбақ
Құлқыны үшін өзгеге сатылғандар
Келер күнді отырмын жұтай күтіп,
Біз жеңерміз қалған жоқ ұпай бітіп.
Ұлтшыл боп қаламын жер бетінде,
Қойғанынша қазақты қытай жұтып.
Боз жусаны секілді кең даланың,
Ұлт болмаса боржыған көң ғанамын.
Жердің бетін топан су басса дағы
Қазақ қалар, содан соң мен қаламын.

17 қаңтар, 2009 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағаш боп неге жаралмадым мен

  • 0
  • 0

Ағаш боп неге жаралмадым мен,
Пана боп саған тұратын.
Құс болып неге оралмадым мен,
Көктемде сауық құратын.

Толық

Әкелер-ай болашақты аңсаған

  • 1
  • 0

Әкелер-ай болашақты аңсаған,
Перзент үшін тіршілікте шаршаған.
Есейгенде кештеу біліп қадірін,
Әкесіне жете алмай жүр қанша адам?!

Толық

Адамға сірә ұнамас ойдан

  • 0
  • 0

Адамға сірә ұнамас ойдан,
Егіліп ерте жыламашы, айнам.
Кеудеңнен ерке бұлақ аш, айнам,
Түсінбес жаннан тұра қаш, айнам.

Толық

Қарап көріңіз