Өлең, жыр, ақындар

Көп болды, компьютерге отырмадым

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 434
Көп болды, компьютерге отырмадым,
Өлеңнен кесте болып тоқылмадым.
Балдардың нәпақасын айырам деп
Ертелі-кеш әрнені қоқымдадым.
Алғанда асау тағдыр тақымға ұлын,
Ісін де істей алмай ақылдының.
Кітабын көрінгеннің жазып кеттім,
Есімнен шығып кетіп ақындығым.
Шөпке тышар ұлықты жағаладым,
Күнім үшін байларды ағаладым.
Бала-шаға өскен соң амал қайсы,
Сүйегін мүжіп жүрмін садағаның.
Күнім де күн болмапты сырғанаған,
Беймәлім Бетпақтамын құм бораған.
Қоғамды ақша билеп тұрған шақта
Ақынның жағдайына кім қараған?
Қала кезген кәдімгі дуанамын,
Құр қиялды далақтап қуаладым.
Даладан келгенімде өлең емес
Нан тауып келгеніме қуанамын.
Үйім де, Отаным да өлең еді,
Мен едім жыр аулының Төлегені.
Маңырай-маңырай бүгінде жетім қалды
Көкке жетпей көңілдің көбегені.

Шілде, 2008 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Скифтер

  • 0
  • 0

Геродоттың аңызы,
Жетелейді сан-саққа.
Аңыз бірақ елдікі
Айналмайтын жаңсаққа,

Толық

Шатыр да шатыр басымда мынау

  • 0
  • 0

Шатыр да шатыр басымда мынау,
Найзағай отын жасырмадым-ау.
Шарапқа толы кесе төңкеріп,
Өрекпіп ойдан басылмадым-ау.

Толық

Сағыныш сезіміңді жалындатып

  • 0
  • 0

Сағыныш сезіміңді жалындатып,
Көке, мені мамырлаған мамырда күт.
Шошынба терезеңді шертіп тұрсам,
Беймезгіл қалған кезде бәрің жатып.

Толық

Қарап көріңіз