Өлең, жыр, ақындар

Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім,
Қайтардым талай жерлерде бақсының мысын.
Мендегі қайрат мерт қылар, болмаса өзі
Бір жерден жарып шығады, тақсырым, түсін.
Үйге де сыймай, түзде де аласұрамын,
Бір нәрсе істеп кетсем де жақсылық үшін.
Білмеймін қалай жанымның самалдайтынын,
Тірліктен өтер бұл пенде ала алмай тыным.
Кетсем бе екен ілесіп диуаналарға
Өмірде түгі жоқ тағы алаңдайтұғын.
...Жүрегім аунап кеудемді тепкілеп жатыр,
Жыртығына көңілдің бола алмай тығын.
Түсінем маған бір нәрсе керек екенін,
Момының едім ұсынған төреге төрін.
Майда-шүйде бірдеңе болып барады
Ертелі-кеш шимайлап өлең етерім.
Қосылсам күнә болады-ау ішкіштерге бір.
Дәл менің сонда, Құдай-ау, немене теңім?!
Барсам ба екен қатынға қойыны жұмақ,
Қалар да бәлкім оларға ойыным ұнап.
Шарапқа толы кесені малданып алып
Шағынсын бір сәт шырқырап ой – ұлым жылап.
Тойынып көңіл, тағдырым, тұрар ма екен
Түсті деп сонау алысқа сойылың құлап.
Бойыма сыймай барады тасқыным-күшім,
Көре алмай мына өмірден жақсының түсін.
Қиратып быт-шыт санамды торлаған ойды,
Сөйлейін енді, медет бер, ақ шыным үшін.
Әйел мен шарап тозаққа бастайтын еді
Болсыншы менің пендеге жақсы ырым – ісім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағаш боп неге жаралмадым мен

  • 0
  • 0

Ағаш боп неге жаралмадым мен,
Пана боп саған тұратын.
Құс болып неге оралмадым мен,
Көктемде сауық құратын.

Толық

Адамға сірә ұнамас ойдан

  • 0
  • 0

Адамға сірә ұнамас ойдан,
Егіліп ерте жыламашы, айнам.
Кеудеңнен ерке бұлақ аш, айнам,
Түсінбес жаннан тұра қаш, айнам.

Толық

Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым

  • 0
  • 0

Өлеңге ауды бүгін тағы толғағым,
Өлең еді туғаннан-ақ қорғаным.
Мына заман бетпақ, арсыз, байдікі,
Кедей ақын жырлап өтер ел қамын.

Толық

Қарап көріңіз