Өлең, жыр, ақындар

Өмірім менің поэма

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Өмірім менің поэма,
Өмірім менің роман.
Аяма тағдыр, аяма,
Аяған жоқ қой бір адам?
Өмірім менің «былғаныш»,
Өмірім менің түн-түнек.
Бозторғай жырым пырлап ұш,
Күнәһар жанды сілкілеп.
Неше жыл жатқан текемет,
Шаңынан оңай арылмас.
Сырымды айтсам «Е-һе!» деп,
Ұғатын жан да табылмас.
Қағида қалған сіресіп,
Өзіңді өрте, ас дарға.
Көргеніңменен күресіп,
Тіл бітпес мылқау тастарға.
Көретін жарық көп әлі,
Кейіндеп кетсем қатардан.
Он сегіз жаста не бары,
«Тас бауыр әке» атанғам.
Болған жоқ десем бұл оңай,
Маңдайдан сипап, кім сенер?
Жайымды тіпті сұрамай,
Жайғады мені дүмшелер.
Болмады менде бір бақыр,
Табылмай жақын «тегім» дер.
Жолыма торды құрды ақыр
Жемсауы толмас жебірлер.
Жағамнан алды кемпір-мұң,
Туысы көптер жасайды-ақ.
Көтеріп ұлды сен тұрдың,
Өш алып менен масайрап.
Өмірім менің «былғаныш».
Өмірім менің түн-түнек.
Қуамын жарық күнді алыс,
Тазармас жанды сілкілеп.
Өмірім менің поэма,
Өмірім менің роман.
Жайыңа өмір қоя ма,
Тіршілік етер тірі адам!
Тіршілік етер тірі адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қадірлі ана

  • 0
  • 0

Қадірлі ана,
Мен сені танымаймын,
Маған тартқан сыйлығың–жарық – Ай, Күн.
Жатқанымда уызға жарымай дым,

Толық

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып

  • 0
  • 0

Не болды маған өлеңнен мақұрым қалып,
Өзге нәрсе жұтқан ба ақылымды анық.
Күлігіме қамшыны баса алмай келем,
Мұнша жерге келіп ем тақымым талып.

Толық

Сықыр да сықыр бөтелке дорбамда мынау

  • 0
  • 0

Сықыр да сықыр бөтелке дорбамда мынау,
Өмірде мұндай мүжіліп, қор болмадым-ау.
Сұқтана қарап әркімнің ішкен-жегеніне
Жылап та келіп шағынған, подвалдарым-ау.

Толық

Қарап көріңіз