Өлең, жыр, ақындар

Қадірлі ана

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 965
Қадірлі ана,
Мен сені танымаймын,
Маған тартқан сыйлығың–жарық – Ай, Күн.
Жатқанымда уызға жарымай дым,
Жоқ кезінде көңілде тарыдай мұң.
Қатал тағдыр жалмапты сені мүлде,
Телігенін білмеймін мені кімге?
Сондықтан да демеу боп тұрмадың сен
Бірде бұлтты, бірде ашық көңілімде.
Кім тіріде тірлікті бағаласын,
Өтіп жатқан әрбір күн балаңа сын.
Айта алмадым тойларда тебіреніп,
Шалқытып бір Шәмшінің «Анамасын».
Кімді айыптап білмеймін, ақтарымды,
Саған арнап бергем жоқ тапқанымды.
Сапар шегіп ауылдан жырақ кетсем,
Адам да жоқ күтетін хаттарымды.
Кемпірлер де сен жайлы сұрамаған,
Оңашада тек өзім жылап алам.
Самарқанның көк тасы табылар-ау,
Бұйырмапты молаң да мына маған.
Тұншықтырып адасып тұманда әнім,
«Ана» болып келеді шын арманым.
Шимайлаудан әріге аса алмадым,
Келсе дағы өзіңе жыр арнағым.
Ашық болып тұрса да жарық ай, күн,
Өтер дейсің, өкінбей, налымай кім?
Жырым түгіл, ғұмырды сыйлар едім,
Қайтем, Ана, мен сені танымаймын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ары өтесің, қыдырып бері өтесің

  • 0
  • 0

Ары өтесің, қыдырып бері өтесің,
Көңілімнің кетіріп берекесін.
Қиялдарға жетелеп өзгешелеу
Мені бір сәт дүниеде сері етесің.

Толық

Қара талдар

  • 0
  • 0

Таң қаламын қарап сенің сыртыңнан,
Қара талдар, ортасынан қырқылған.
Табылар деп өткен күннің елесі,
Іздеп жүрмін бір деректі жұртыңнан.

Толық

Біздің үй орны бар ма әлі

  • 0
  • 0

Біздің үй орны бар ма әлі,
Мүжілген жоқ па дуалы?
Жалғыздың жолы болмады,
Күнәсін қайтіп жуады?

Толық

Қарап көріңіз