Өлең, жыр, ақындар

Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 485
Бей-жай да болып, берекесі ұшып тірлігім,
Сөздерің сенің есімнен шықпай жүр бүгін.
Сол түні сенің мас болып жаттым жаныңда,
Тек өзің болып, тек өзің болып құлдығым.
Көршінің сонда сәулесі бөлеп бөлмені,
Ауғанша түн де жарығы бір сәт сөнбеді.
Жалаңаш қана көрпеге сыймай, ой, Аллай-ай,
Жынды қып қойдың сен мені.
Шаршай да шаршай, құқайым болмай көрмеген,
Қинаған еді көктемес ойлар көлденең.
Рахат-ләззат у болып тамып өзекке,
Ағыл да тегіл терлегем.
Жүзіңде сенің жүзді де бір сәт мұң сынып,
Кеудем бір менің тұншығып жатты күрсініп.
Өзіңді-өзің ұмытып кеттің алқынып,
Не деген ауыр тіршілік!
Шақырмай тауық, атпаса екен таң дедім,
Қақпаса екен есікті келіп әлде кім.
Аймалап жатып, еркелеп жатып қасыңда,
Құрып та бітті әл-демім.
Сол күні сенің балқып-ақ жатты бал денең,
Қырық жыл бойы кездеспей кеткен нәрлі өлең.
Жоқ еді басқа фәниде, жердің бетінде,
Бақытты адам дәл менен!
Пендемін мен де қоя да алам неге мін,
Құладым саған, өзімде білмей себебін.
Адамға Алла жалғыз-ақ рет беретін,
Өмір деген де сен едің!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн

  • 0
  • 0

Көзімнің жасын көл қылып төгіп талай күн,
Қара қазанның түп күйесіндей қарайдым.
Тізерлеп тұрып қолымды жайып аспанға,
Өзімді өзім жұлып жеп иттей талаймын.

Толық

Балаш апа

  • 0
  • 0

Жетім кемпір бір өзі қой бағатын,
Жетім тамды жеті рет айналатын.
Сырқыраған тізесін шандып байлап,
Күбір-күбір сөйлейтін, ойланатын.

Толық

Ауылға келдім

  • 0
  • 0

Ауылға келдім,
Туған жер суық қарады.
Мен жайлы өсек өрттей-ақ гу-гу тарады.
Баяғы үйдің орнында тұрмын құлазып,

Толық

Қарап көріңіз