Өлең, жыр, ақындар

Көз алдымда күндіз-түн тұрасың менің

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 339
Көз алдымда күндіз-түн тұрасың менің,
Таң шапағын ұялтар расында өңің.
Қасыңда сенің малынып нұрыңа мәңгі,
Тек өзіңе тірлігім ұнасын дедім.
Басылмай қойған өксуден солығым менің,
Жақсылыққа да түсімнің жорыдым көбін.
Жасымнан жалын ішіме сыймай келген соң,
Ләззаты балдай түндердің торыдым кенін.
Қажытып күндер тозақтың орынан терең,
Келмеуші еді ешқандай оңынан да өлең.
Ертегідегі бақытқа мына фәниде,
Ойда жоқ еді кенеттен жолығам деген.
Жан екенсің күйің де, жасауың бөлек,
Жөн де болар тұтқыннан босауым, демек.
Бәйіті құрсын бейдауа дертті дертетін,
Тек өзің барда бір ғасыр жасауым керек.
Қайғы мен мұңнан жаралған өмірде мынау,
Өзіңді көріп өзгеше жеңілдедім-ау.
Өлеңнің Пірі дегенім, құдай біледі,
Сәуірдің соққан самалы — сенің демің-ау!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саған қарап өзімді тәртіптейін

  • 0
  • 0

Саған қарап өзімді тәртіптейін,
Сені бүкіл өмірден артық дейін.
Сұрақ белгі тәрізді бүгіліп ем,
Қуат берші, еңсемді ал, тіктейін!

Толық

Саған артар ініңде тегі мін жоқ

  • 0
  • 0

Саған артар ініңде тегі мін жоқ,
Қызды көрсең жүресің «келінім» деп.
Ойға-қырға сүйреген он жыл бұрын,
Өртеп кеткен секілді желігімді от.

Толық

Өзің едің көңілдің шам шырағы да

  • 0
  • 0

Өзің едің көңілдің шам шырағы да,
Өзің едің кірпіктің тамшылары да.
Бұл күндері сен маған жоламай жүрсің,
Жан-жүрегім қайғыдан жаншылады ма?

Толық

Қарап көріңіз