Өлең, жыр, ақындар

Қорқам ба текке

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 363
Қате айтсам сына,
Мойында күнә.
Көбейіп кетті
Бұл күнде міне —
Жаралайтындар
Адамның жанын,
Қаралайтындар
Қарындас арын,
Паралайтындар
Биліктің бәрін.
Шайқаса болды
Патшаның тағын.
Тайдырса болды
Сыйлының бағын.
Осылай қамдар
Қара бас қамын.
Абырой, намыс
Қалдырды қалыс.
Өтеді өмір
Тындырмай бір іс.
Арманнан алыс,
Бар ойы табыс.
Жығылғандарды —
Бір тарпып қалу.
Таланғандарды —
Бір қарпып қалу.
Сүрінгендерге —
Сықылық қақса,
Арындыларды —
Құрығы тапса,
Дарындыларға —
Қақпаны шапса
Тойып жеп, сосын
Ықылық атса
Ойлайтын ой жоқ
Сілейіп жатса
Қарындас сондай
Бұрыннан көп пе?
Мен әлде осы
Қорқам ба текке?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдар

  • 0
  • 0

Құда болса әулетің мен нағашың,
Іңкәр сезім тапса тоят, жарасым —
Тамшы қанға жан бітірсе Құдірет,
Адам болып аз ғана күн жанасың.

Толық

Адай-ата

  • 0
  • 0

Өзіңнен өнген ұрпағың бастан баталы,
"Жер жарған" әр кез қазақта — адай атағы.
Қасиет қонған — машайық, пір де, әулие,
Қастерлеп үш жүз алпыстан астам атаны.

Толық

Әйел заты

  • 0
  • 0

Ұрпақ үшін отқа түскен еркімен,
Талай тентек тоқтатылды көркімен.
Он жетіде жесір қалып жар сүймей
Бар әлемді таң қалдырды сертімен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар