Өлең, жыр, ақындар

Мен Сайынмын ғой

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 421
Апырым-ай!
Неге мені мына жұрт елемейді?
Дейтін кісің мен емес ие, мейлі
Бетін ашып алалық мәселенің,
Болсын анық түсінік, түбегейлі!
Танымадың сен, інім, мені қалай?
Жетектегем, арқалап сені талай.
Мінгестіргем қалдырмай жолда жаяу,
Аралатқам тау мен тас, еліңді ұдай.
Айтып ем ғой, ақынмын, ағаңмын деп!
Уәде еткем, сел болып ағармын деп!
Бір жұлдыздай өзімді жақпақ болғам,
Жана алмадым жұлдыздай, ағардым тек!
Ойлар талай кетті де қайта келді,
Шатастырды, талай жан сайтан өңді.
Тура жолдан адастым, көп кешіктім,
Кешіріңдер деймін де, қайтем енді.
Мен ағаңмын ғой!..
Жан-тәнімдей, жеткіншек, сүйіп едім!
Тыңда, менде ойнайды күйі ненің?
Іні қамы — ел қамы, болашағың,
Жан жарасы, жазылмас күйік едің?!
Болашағым деп едім, көкте күнім!
Өткен талай көз ілмей текке түнім.
Сағынышпен сарғайды талай жылдар,
Тағдыр, саған кей-кейде өкпелімін.
Алыстаттың, ей тағдыр, арманымнан,
Үзіп бердің жалғанның жалғанынан.
Өкпелімін... Адамды "адам" деген,
Қазағыма дәм жаздың қалғанынан...
Мен ініңмін ғой!
Қолыңда өскем, қалайша ұмыттыңдар?
Өздеріңмен оянған үміт, мұңдар.
Мінезімен біріңнің жерге кірсем,
Ал біреуі — асқарым, шабыт шыңдар.
Талай барғам алдыңа ақыл сұрап!
Еліктедім, сүйдім де жақынсырап.
Ағалар-ау, кемсітпе інілерді,
Қуат берші, деші тек "мақұл, шырақ!".
Жарасады ағаға жөн сілтеген,
Сөкпе оны, тіпті ойы, болсын төмен,
Іні деген еліңнің болашағы,
Мен жас жанға ешқашан қол сілтемен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құдайды ізде

  • 0
  • 0

Талғанда белің налыма, қалқам, ауырдан
Торықпа, тіпті қорықпа ешбір дауылдан.
Әділет ізде, Құдайды ізде қашанда,
Қалғанда көңіл қастыққа кеткен жауыңнан.

Толық

Біз екеуміз

  • 0
  • 0

Пейілім менің!
Мен мақтанамын сенімен!
Аллаға шүкір!, кездескен олар теңімен!
Ешқашан, ешбір ұялтқан жоқсың

Толық

Бір уыс топырақ, бір шекім бұлт

  • 0
  • 0

Бір уыс топырақ,
Бір шекім бұлт енші алып
Кетсем бе екен
Имандылау жер шалып

Толық

Қарап көріңіз