Өлең, жыр, ақындар

Қарттарым

Қарыштаған мына қоғам заманда,
Қазына мен байлық керек адамға.
Қарапайым құндылықты байқамай
Қаржы төгіп ұрынады жаманға.

Ата сөзін асылым деп термедік
Аналарға көңілді бір бөлмедік.
Ауырлатса алыстағы бір үйге,
Апарып сап қолымызды сермедік.

Тасынамыз анаған да мынаған,
Төгеміз кеп баламызға сұраған.
Тауып жатар отбасы деп, ордам деп
Тасамызда қалар бірақ бір адам.

Тас үйіне үкіметтің қамадық
Тілегін бір орындамай ананың,
Тасбауыр сен болсаңдағы анаңа
Тілеп жүрер тілегіңді қарағым.

Абайламай жаман істі жалғама,
Ана-әке сөздерін еш қорлама.
Ажарына әжім түскен анаңа
Ауыр сөзді айтуды да ойлама.

Разығын ап көңілдерін суытпа,
Реніштерді отабымен құрықта.
Разылығы ата-ананың балаға,
Бұл өмірде керегін сен ұмытпа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүй мені

  • 0
  • 1

Келсе де бақыт,
Келсе де, мейлі, сынақ та,
Жүрегің тағы күйзелсе де шын..
Бірақ та,

Толық

Марокко

  • 0
  • 1

Марокко

Толық

Менің нағашы әжем

  • 0
  • 5

Менің нағашы әжем - әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Әжемді қатты сағынғанда,
Мен ауылға барамын!

Толық

Қарап көріңіз