Өлең, жыр, ақындар

Сүй мені

Келсе де бақыт,
Келсе де, мейлі, сынақ та,
Жүрегің тағы күйзелсе де шын..
Бірақ та,
Сынбасы үшін көңілдің нәзік айнасы -
Сен мені, жақсым, не жағдай өтсін - "жылатпа".!

Орынсыз болсын..
Болмасын, мейлі, дұрыс та,
Еркелеймін мен, ол үшін сен де - тырыспа!
Қырсығып қалып, кетпесін десең жоғалып,
Қателессем де, ардағым, мені - "ұрыспа".!

Кетпесі үшін көңілің жаурап ертең кеп,
Жүрекпен сүйем!
Әрбір сәтіңді көркемдеп..
Бағалай алсаң, сұрағандарға қызығып,
Тек мені нұсқа, назданған гүлім..
Еркем, - деп!

Сезімді жүрсем білдірмей,
Мейлі, тұсап та,
Сағындырсам да, хабарсыз кетіп, "үш апта"..
Қызғанышпенен бойымды ыза кернесе,
Тым нәзік сезім иесі ғой, - деп "құшақта"!

Ұқтырды екен.. беймаза келген күй нені.?
Білетінім сол..
Бір ғажап шуақ - үйгені!
Кетсем де тағы еркелік жасап есіріп,
Ертеңгі таңның шуағы санап, сүй мені..!

Гүлдана БЕКБОЛАТ



Пікірлер (1)

Модератор

«bilim2019» ілмегін тырнақшасыз қойыңыздар!

Пікір қалдырыңыз

Қорағаты өзені

  • 1
  • 0

Қорағаты өзені, ойыма көп түседі,
Балық аулап, балалар айдынында жүзеді.
Қыз-келіншек жиналып кір жуатын,
Қандай қызық ұмытылмас кез еді.

Толық

"Любовь и голуби" киносынан

  • 0
  • 0

"Махаббат пен көгершіндер " киносында,
Сан ойлар келеді мына басқа.
Қорқамын мен бәрінен,
қарғыс атқан соғыстан,' деп айтады актриса.

Толық

Марокко

  • 0
  • 1

Марокко

Толық

Қарап көріңіз