Өлең, жыр, ақындар

Құлың боп өлейін сенің...

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 313
Ұсқынсыз Шалтаудың шыңы,
Аптапқа реңі күйген.
Осында бір қыздың мұңы,
...тек мені сүйген.

Қабағы қатулы бұлттар,
Кінәмді кешірші менің.
Табиғат, сол қызды құтқар!
Құлың боп кетейін сенің.

Өтінем жылатпа оны,
Онсызда жылап жүр түнде.
Қайғысы ол қыздың СОНЫ,
Күлуді білмейді мүлде.

Шалғынға аунаған бірде,
Серінің құшағын таңдап.
Соңынан көшіп жүр бірге,
Сол түнгі ...
Соңғы мұң зарлап.

Қатпар бұлт ашулы неге?
Көзінен ыршиды жасы.
Қайғының соңы бұл деме,
Соңғысы я, бәлкім басы...

Жылап тұр көк аспан сыңсып,
Тамшылар сүйеді мені.
Өмірді иірген Ұршық,
Қарайды... қаталдау өңі.

Неліктен адастым екен?
Торына шырмалып түннің.
Жан ба едім сертіне бекем?
Қайғырып о, неге күлдім?

Шалтаудан келемін төмен,
Өмірден, өлімнен қашып.
Сабама түсіріп өлең,
Тастады мысымды басып.

Ұсқынсыз Шалтаудың шыңы,
Ұрланып қарайды тағы.
Таусылып ол қыздың мұңы,
Жай тапты жаны...

Шалт басқам қадамды талай,
Өзімше Өзімді сыйлап.
О, тоба, тірімін қалай?
Өлтіріп өзгені қинап!..

Жарық күн құтқардың неге?
Сыйыңа рахмет, ӨМІР!
Өмірге құлшынды деме,
Үш мәрте лақтырды өлім!

Өлімге рахмет айтам,
Өмірге налып та сірә.
Үкімін шығарды бейқам.
Арқалап жүрсін деп күнә!

Қабағы қатулы бұлттар,
Кінәмді кешірші менің.
Табиғат, күнәдан құтқар!
Құлың боп өлейін сенің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүйетіні беймәлім кімнің мені…

  • 0
  • 0

Гүл-ерінге құрбан қып мұң-шеруді,
Түнеруде (ұға ма түн шерімді).
Біреулерге шайырдың паңдығы ұнар,
(Ал біреуге шайырдың бүрсеңі үлгі).

Толық

Үлбіреген ерніңнен сүйіп кетем!!!

  • 0
  • 0

Жанарынан жұлдыздың үзілген қыз,
Аспан кешіп келеміз ізіңнен біз.
Сіз біз үшін тым қымбат хор қызысыз,
Біз сіз үшін қап-қара тізімненбіз.

Толық

Антарктида

  • 0
  • 0

Екеуміздің демімізге тұншығып
Антарктида.
Көз ұшында көлбеңдейді алып мұз,
Түз желіне тоңбай біз-ақ қалыппыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар