Өлең, жыр, ақындар

4-хат

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 255
Жақындау қиын саған,
Құсадан өлер ішім.
Өзіме тиым салам,
Сен соған сенемісің?

Шағылмас тауым анық,
Келмейді күйіп кеткім.
Жанардың жауын алып,
Жүрекке сыйып кеттің.

Байланып тіл де мына,
Қарысты қарыс жағым.
Арта алмай гүлге кінә,
Өзімнен алыстадым.

Сұрықсыз Түн Түріне,
Рең берші, баршы күліп.
Әрбір тал кірпігіңе,
Байлансын бар сұлулық.

Сүйрелеп түзге уақыт,
Жолымды қиюда ма?
Бұйырған бізге бақыт,
Сыртыңнан сүю ғана.

Төзіммен шыдай көніп,
Сезімді сыйлай білдім.
Өзгені былай қойып,
Өзіме қимай жүрмін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңімнің жолдарынан

  • 0
  • 0

Қайта жанды өшіргенім,
Қате болды кешіргенім.
Өлеңімде – түпнұсқамын,
Өмірімде – көшірмемін.

Толық

Есімде еді

  • 0
  • 0

Есімде еді, есіңде еді,
Бізбен бірге талдардың шешінгені.
Қимылымды құп алып, қарсы болмай,
Кінәлі ғып тастадың сосын мені.

Толық

...тірі болсам...

  • 0
  • 0

Қою қара іңір...
Менің көгім күрсінеді
Талып жетіп құлақтарға дауысы...
Қалаға әрең жеткен бұл дыбыс...

Толық

Қарап көріңіз