Өлең, жыр, ақындар

Тағдырдан қайта-қайта жесем таяқ

  • 13.11.2015
  • 0
  • 3
  • 26939
Тағдырдан қайта-қайта жесем таяқ,
Көремін талайымнан некен-саяқ.
Оңаша оқшау кетіп ой толғаймын,
Құлаққа кірмесін деп бөтен хаят.
Көптің аузы қияңқы, пейілі оғаш,
Жолап кетсең былғайтын күйелі ағаш,
Саяқ кетсем, сайтандар сайраңдаған
Үйірімен үркітер-үйіңе қаш.
Үйге безсем, көңіл ит көше кезіп,
Тереді неше секем, неше сезік.
Үміттің үлбіреген нәзік гүлін
Күдіктің көн табаны кетеді езіп.
Көп жүрген жердің бәрі абыр-сабыр,
Жоламас айқай-шуға иман-сабыр,
Жолығар әулие де киесіне,
Жер жұтса, елден безсе, тапса қабір.
Содан ба екен, жаралған жаратқан хақ
Жұп жуытпай, жап-жалғыз, о бастан тақ.
Көппен жүрсең - көлгірлік көлі жұтар,
Жақ болар жалғыздыққа болса ақиқат.
Шындық тақ, өтірік жұп, айла егіз
Айқұшақ аймаласқан фәнилік із.
Бақиға басың жалқы аттанасың,
Өзіне үқсас жаратқан озалда иеміз.
1988.



Пікірлер (3)

Аманжол Нұрай

Маған əдебиет пəні ұнайды. Сондықтан маған əр ақынның əндері құнды əрі қызықты.

ақерке

өте керемет өлеңдер

Ұлжан

Маған өте қатты ұнады өйткені мен өлеңдерді мəнерлеп айтқанды жақсы көрем, күшті екен мəнері

Пікір қалдырыңыз

Археология

  • 0
  • 0

Жер үстінде қызыл төмпек құм қалды,
Талай шөптің қыршып кетті тамырын,
Археолог қырнап-жонып жылдарды,
Ғасырлардың аршып жатыр қабығын.

Толық

Ойлар

  • 0
  • 2

Дүние деген жәрмеңке:
Келдің екен - көріп кет!
Дүние деген жәрмеңке:
Алдың екен - беріп кет!

Толық

Арғымақ

  • 0
  • 0

Қыпшақтардың ой-хой, құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шар айнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр

Толық

Қарап көріңіз