Өлең, жыр, ақындар

А нүктесі – алданған ақ арманым

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 395
Бауыржан Қарағызұлына
А нүктесі – алданған ақ арманым,
Ә нүктесі – әттеңі көп жалғаным.
Б нүктесі... бақытымды іздеумен,
Ғ нүктесі... ғарыш жаққа самғадым.
Д нүктесі – дөңгеленген дүние,
Е нүктесі... еркімізге кім ие?
Ж нүктесі жолықтырмай бір жанға,
К нүктесі көкірекке мұң үйе
кете барды.
Қ нүктесі. Құладым.
Л нүктесі... лағыл жасты бұладым.
М нүктесі... мән таба алмай өмірден,
Н нүктесі... «неге?» болды сұрағым.
О нүктесі... ойым онға бөлінді,
Ө нүктесі өлшегенде сорымды.
П нүктесі – пәнидегі өкініш...
Р нүктесі... Рахымды Алла оңғара ма жолымды?
С нүктесі – сабыры бар жүрегім,
Т нүктесі – ақ таңдағы тілегім:
«Ү нүктесі... үзілмейтін үміт пен
Ш нүктесі, шыдам бер» деп жүремін.
...Көңілдегі күдігім мен секемім,
Мендік ғұмыр – тек менікі – жеке мұң.
Минут сайын қалтыратар жанымды
Алып ғалам алдында нүкте ғана екенім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн

  • 0
  • 0

Жабықтырып күрең тiрлiк, күрең күн,
Таба алмадым сезiмiмнiң бiр емiн.
Аспан жақта болғаннан соң тiлегiм,
Солай қарай сандалады жұдырықтай жүрегiм.

Толық

Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?

  • 0
  • 0

Жолымды бөгеді, білмеймін, неше ырым?
Өзіме тиді-ау қырсығым, кесірім.
Айтылмай не мұңым, не сырым,
Телефон көзімнің жасына тұншықты.

Толық

Неге сенен алыспын?

  • 0
  • 0

Неге сенен алыспын?
Сағынышқа шарпылып,
Түні бойы өз-өзіммен алыстым.
Түпсізіне сүңгітіп ең қиялдың,

Толық

Қарап көріңіз