Өлең, жыр, ақындар

Қара кер ат астымда жайтаңдаған

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 486
Қара кер ат астымда жайтаңдаған,
Нөпір халық сұқ қадап, «пай-пайлаған».
Делебемді қоздыртты дақбырт, мадақ,
Жазық болып көрінді қайқаң маған.
Жолдар қалды соңымда шиырланған,
Астым талай асудан, қиырлардан.
Тежемедім тізгінді, қоя бердім,
Көкейіме қиядан құйылды арман.
Көңіл өсті, өзім де шаттанғанмын,
Кенет, келіп жабысты қапталдан мұң.
Ермен қоса топ еттім қара жерге,
Мерт болмадым, жазымнан шақ қалғанмын.
Кісінеді қара кер кесек үнмен,
Атып тұрдым шыдамай төсегімнен!
... Түстің өзі осынша қобалжытты,
Сақтағайсың о Тәңір,
Кеселіңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгіліктің аясы да тар маған

  • 0
  • 0

Мәңгіліктің аясы да тар маған,
Билік құрсам: аздық етер, бар ғалам.
Сонау, сонау ғарыштардың қойнауы –
Жайлау шіркін, қона жатып, шарлағам.

Толық

Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген

  • 0
  • 1

«Жігіт, – деп те айтады, – тасы өрлеген»,
Сөзі шығар
Бұ жұрттың дәсерлеген.
Кермек дәмін татқанмен қу тірліктің,

Толық

Жүзің сынық кейпіңді

  • 0
  • 1

Жүзің сынық кейпіңді,
Көргім де жоқ, жан еркем.
Мұңмен қарсы ап кей түнді,
Күліп тұрдың таңертең.

Толық

Қарап көріңіз