Өлең, жыр, ақындар

Мұң болады кәріптікте сұңқа адым

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 287
Мұң болады кәріптікте сұңқа адым,
Қайран дәурен, оралымда шырқадым.
Талабым тас, жуа біткен жолыма,
Қайғы іштім де, мұң көрпесін қымтадым.
Шеміршектеп, шемен шерім шер көмген,
Қиянатты көрдім, тарттым кердеңнен.
Күрсінгенде көкірегім жарылып,
Тұрып кетем, өле қалсам көрден мен.
Неткен күндер, азабы көп тым батпан,
Емеурінмен аңғартады ымдап таң.
Ол әйтеуір тұрғандай бір, кім білсін,
Ұлы оқиға босағасын бұлдап, паң.
Соқыр кеудем қан татиды...
Соқталы,
Әлем, тірлік!
Тіршілігің тоқтады.
Дәуірімді теріс салып кетсем бе?
Бұл өмірдің мен қызығар жоқ мәні.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған

  • 0
  • 0

Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған,
Қалмады тұқым сол күнгі тірі қояннан.
Білмеді қарттар адамның ісі екенін,
Сипады бетін: «Жар бола гөр, – деп, – ой, Аллам!».

Толық

Бұл жалған тегі шытырман

  • 0
  • 0

Бұл жалған тегі шытырман,
Таба алмай келем арнасын.
Санасын елдің жұт ұрған,
Белгілі ұзақ бармасым.

Толық

Ұғынбай бізді ғалам тұр

  • 0
  • 0

Ұғынбай бізді ғалам тұр,
Екеуміз ғана адасқан.
Жайдақтық көрдік жалаң құр,
«Саясатпенен» санасқан.

Толық

Қарап көріңіз