Өлең, жыр, ақындар

Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 382
Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған,
Қалмады тұқым сол күнгі тірі қояннан.
Білмеді қарттар адамның ісі екенін,
Сипады бетін: «Жар бола гөр, – деп, – ой, Аллам!».
Бар еді бір шал мінезі қиқар, қарғанды:
– Сындырып кете жаздады мына ит арбамды! –
Шошынып үріккен оқыстан шыққан зор үнге,
Қақ басқа салды қамшымен тарпаң тарланды.
Тумыстан үркек, ұрғанға көнбес жалтаңдап,
Гүрс еткен сәтте құлады талай шал – қаңбақ.
Аптапта небір таңдайға тілі жабысып,
Жаяулап жетті қойларын айдап салпаңдап.
Дүрбелең бұл күн, Жер-Ана нағыз: наркоман,
Сәбиі қазір нашасын шекті партадан.
... Борбайдың еті борша боп қайтқан шақтарда,
Жазғырып жүрді тарланын тарпаң қарт адам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған

  • 0
  • 0

Қос бірдей қарлығашым шыр-шырлаған,
Өңгенің керегі жоқ, құрсын, маған.
Мәукіл бас біреуі бар кекіл қойған,
Ұғындым, бұл өмірде ырысым – балам.

Толық

Баппен айттың барлығын, шамданбадың

  • 0
  • 1

Баппен айттың барлығын, шамданбадың,
Содан соң-ақ жоғалды қалған бағым.
Телім-телім жүректі осып өттің,
Әнім болып кеудемде жалғанбадың.

Толық

Шілтер

  • 0
  • 1

Саратан зауза ызылдап,
Нәуетек гүлдер жабылды.
Маужырай қапты жүзім бақ,
Бозбала солай сабылды.

Толық

Қарап көріңіз