Өлең, жыр, ақындар

Отарды айдап келеміз

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 530
Жая жегеннің баласы – жая жеп, шылқып жүр,
Қоңыз тергеннің баласы – қоңыз теріп, қыртып жүр.
(Ел арасындағы сөз)

Отарды айдап келеміз,
Сағым дала ...
Ұмыт болған жайдарман шағым мана.
Кеберзіді
Ерінім аптап күннен,
Кездеспеді бір бұлақ:
Бағың – бала.
Жыбырлатты ащы шаң
Кеңсірікті,
Зорға ілбимін сүйретіп,
Мен сырықты.
Кірпігімді тұтап қап әппақ тозаң,
Айғыз-айғыз арқаға тер сіңіпті.
Бас айналды
Ми түсіп,
Таңдайыма,
Бақ бітпепті,
Сор біткен маңдайыма.
Туа сала жөргекке
Оранбаппын,
Ораныппын,
Бейнеттің шалғайына.
Әкем бірақ, селт етіп мызғымады,
Осы сұсы сұрланған бізге ұнады:
Қоңтәжінің айбыны,
Қасқайып-ақ,
Өте шығар нешеуін құздың әлі...
... Шөл буады...
Сабырмен саба басып ...
Отарды айдап келеміз,
Жағаласып.
... Тентіреткен тәңірге дауа бар ма?
Сағым кетіп барады
Лаға қашып...



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Меңіреу түн

  • 0
  • 1

Меңіреу түн.
Аспанда Ай да жалғыз,
Сені ойлаумен отырмын ай жамал қыз.
Ғашықтармыз – көрмесе тұра алмайтын,

Толық

Келбетке

  • 0
  • 1

Тәп-тәтті қылығың,
Былдырың шырын-бал.
Сеп-селдір тұлымың,
Айналдым мұрыннан.

Толық

Әңгүдік бұлттар жөңкиді

  • 0
  • 1

Әңгүдік бұлттар жөңкиді,
Жылқының жалын есіп жел.
Қаймақ-мұз суда көлкиді,
Келетін болсаң кешіп кел.

Толық

Қарап көріңіз