Өлең, жыр, ақындар

Тауды қара

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 415
Алатауды, шіркін-ай, маған берсе деп ақын,
Мұқағали бір күні арман айтқан болатын.
Жұмекен.

Тауды қара
Мүлгіген тауды қара,
Тау – көңілім тау десе даурыға ма?
Шыңға шықпай өрмелеп,
Етегіңде,
Біз аралап жүріппіз бауды ғана.
Бауыры оның
Шыршамен көмкерілген,
Шұбар ала тастар көп төңкерілген.
Ақ қар жатыр басыңда
Түйсіз құздың,
«Орын берші балаңа,
Ең төріңнен!»
Сонда шығар нағыз жыр өлмейтұғын,
Сал-көңілім таппайды желдей тыным.
Кездесермін,
Жұмекен, Мұқаңдармен,
Шолпан жұлдыз солар ғой
Сөнбейтұғын.
... Тауды қара
Ақ шүлен тауды қара,
Тау – көңілім, тау десе даурыға ма?
Тау тұлпар ғой самғаған ...
О, Тәңірім,
Мінгізе гөр тұрман сап,
Нар құлаға.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Қырық темірдің қылауы

  • 0
  • 1

Қырық темірдің қылауы.
Қырқысқан халық.
Кемпірлер жүр ғой қоярдай жыртыстан қалып.
Шіретті көрсе өңмеңдеп, ержеңдеседі,

Толық

Ей, менің қайран ғұмырым

  • 0
  • 0

Ей, менің қайран ғұмырым,
Жағаға барып жығылған,
Соңымда қалды бір ұлым,
Түгі жоқ басқа тұлымнан.

Толық

Қанжілік боп қалжырадым

  • 0
  • 1

Қанжілік боп қалжырадым...
Қасаңмын,
Шаң қапқаны жерге тимес шашамның.
Неткен сонша шетін едім,

Толық

Қарап көріңіз