Өлең, жыр, ақындар

Қырық темірдің қылауы

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 384
Қырық темірдің қылауы.
Қырқысқан халық.
Кемпірлер жүр ғой қоярдай жыртыстан қалып.
Шіретті көрсе өңмеңдеп, ержеңдеседі,
Қайтсін-ай байқұс, заманы тұр қыстап анық.
Ауыр-ақ тұрмыс. Көбейтті құшыныштарды,
Алдады жұртты – бар «өнер». Түсімі ұшталды.
Ілдалдалаған күйреді:
Көпірме сөздер
кетті ұшып көкке, жайына ұсыныс қалды.
Пәңгіді пенде көшеде әңгүдіктеніп,
Жапырақтардай қурады сәнділік семіп,
Компартия анау арына тұншығып өлген,
Емпеңдеп еріп келіп ек мәңгілік сеніп.
Алдандық сөйтсек, жүріпті саудамыз «көкте»,
Түсінбей айбат шегіппіз жауға біз текке.
Сатылған бәрі жасырын, «Еңбек ері» де,
Құдайсыз сөйлеп, айтпадық «тәубамыз» деп те.
«Элита сауда» жылыстап, жығылды жерге,
Мықтылар өзін атты да, «тығылды» көрге.
Бүгінгі күнде базаршы халықтың бәрі
Ақшаңды берсең бере бер – құныңды берме.
Таңдану бекер.
Шығарды сақал қажалап көсесі беттен,
Былыққа толы қаламның көшесі неткен.
Әумесер сатты ордендер...
Әулекің алды,
«Қызыл жұлдызын», «Ленинді» ...
Есесі кеткен.
Қырық темірдің қылауы – торабы жолдың,
Қазағым жүдеу, сананың сорабы солғын.
Қайыр тілеу де – бизнес, нарықта мынау,
Басым – бас емес, қара мұң қорабы болдың.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ала көзді аспансың

  • 0
  • 0

Ала көзді аспансың,
Жұрдай кірпік, қабақтан.
Қонышыңнан басқансың,
... Тісің батып, қан аққан.

Толық

Ән-күйімді сақтаған сайын далам

  • 0
  • 1

Ән-күйімді сақтаған сайын далам,
Белгілі ғой бұл күнде жайың маған.
Зауалдардан қойының шұрық тесік,
Күнде егіліп,

Толық

Жартыкеш тірлік қой бұл жырымданған

  • 0
  • 1

Жартыкеш тірлік қой бұл жырымданған,
Іздерсің бақытыңды қырын қалған.
Тағдырдың ащы дәмін жиі татып,
Құр қалып біздер жүрміз шырын-балдан.

Толық

Қарап көріңіз