Өлең, жыр, ақындар

Есейдім бе?

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 994
Есейдім бе?
Өзгерді әйтеу танымым,
Әкемді де
Енді ғана таныдым.
«Ит басына іркіт төккен»
Күнде де,
Дәнеңесіз қалған менің халығым.
Қайран жұртым,
Басқа киген жарбайың,
Оңып күнге,
Далаңдайтын әрдайым.
Милығыңда тұрушы еді
Қайғы-мұң,
Оң бүйірден туатұғын бар ма Айым?
Мадақтадық
Бір кездері «тап» ұлын,
Содан ғана көретіндей тағылым.
«Шынжыр балақ, шұбар төстер»
Нақ солар,
Езгі көрдің,
Ес жия алмай халығым.
Лекторларың жаулады елдің
Нанымын,
«Тек Күн Көсем – көк жүзінде алыбың».
Ұғындырды.
КОКП-ның тарихын:
Өз тарихым деп түсінді
Халығым.
Тірлік солай:
Бірде – жоғың, бірде – бар,
Құдай берсе, бақ қонады
Іргеге әр.
КОКП жоқ,
«Содырлары» сойылшыл,
Аппаратқа қызметке кірді олар.
... Енді ол жерде
белгісіздеу кім болар?..



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жастығымды жоғалттым

  • 0
  • 0

Жастығымды жоғалттым,
Жансебілмін,
Қоңырайып,
Оңаша қанша егілдім.

Толық

Тасынған көңіл сап тынды

  • 0
  • 0

Тасынған көңіл сап тынды,
Қорғасын сынды құйылған.
Қарашығыма қақ тұнды,
Қара су ағып миымнан.

Толық

Қазақ – Атам

  • 0
  • 1

Қазақ – Атам,
Сенің қаның мендегі,
Тарих маған талай теңін
Теңледі.

Толық

Қарап көріңіз