Өлең, жыр, ақындар

Әңгүдік бұлттар жөңкиді

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1071
Әңгүдік бұлттар жөңкиді,
Жылқының жалын есіп жел.
Қаймақ-мұз суда көлкиді,
Келетін болсаң кешіп кел.
Сезімің бар ма лықсыған?
Ойыңның бәрі ақ қылау.
Керек жоқ сөзің бықсыған,
Діңкемді құртты қап, мынау.
Әңгүдік неткен кеще еді,
Баладай жасып, жасқандым.
Қатырды жерді – кеш желі,
Жамалын жанның басқан дым.
Салқыны ұрды сәуірдің,
Басылмас әсте сарығым.
Тұрғаны болмай дәрудің,
Тартады мені кәрі құм.
Әңгүдік бұлттар, әңгүдік,
Көпірдің! Көштің! Сабылып.
... Кеудемде менің сан күдік,
Кетер ме шекем шағылып?..



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ызың-ызың, жарықшағы ағаштың

  • 0
  • 0

Ызың-ызың, жарықшағы ағаштың,
Естіледі үні сынды алаштың.
Тыр жалаңаш далам қалды лыпасыз,
Неге заман, тәлейімен таластың?

Толық

Көңілім де, көше де ала-көбең

  • 0
  • 1

Көңілім де, көше де ала-көбең,
Жапа-жалғыз қалдым-ау қалада мен.
Қош айтысып, аттанып кете бардың,
«Дір-дір етіп, уыздай бала денең».

Толық

Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға

  • 0
  • 1

... Бейнеуі жоқ, қасынамын сидаға,
Әуем кетті, әулекіңді қинама.
Пәйтін таппай пәтшағарлық айланың,
Бір-ақ құлаш байланамын бұйдаға.

Толық

Қарап көріңіз