Өлең, жыр, ақындар

Жаудыраған жанарыңда

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 521
Жаудыраған жанарыңда
Абат мұң,
Жүрегімді жаныштадың, қанаттың.
Сөреліден сүйегімді көтеріп,
Барқынданып қасіретті таң аттың.
Соңғы шапақ – мен көретін малтығып,
Жанарымды шыра басты, қан тұнып.
Тіл күрмеліп, сөйлеуге де келмейді,
Өкпем соқты кәусарды аңсап, алқынып.
Мен туғанда таң атып ед сібірлеп,
Тына қапты салқын самал – іңіргі леп.
Енді міне тербелемін шапақпен,
Иманымды оқи алмай күбірлеп.
Өшіп бара жатқан мына нұр қандай,
Сәмбі талдар состияды ...
Ырғалмай.
Бозторғай да көкке ілініп қалыпты,
Бәрі мені жөнелтпек боп тұрғандай.
Жаутаңдаймын, көзім тоймай – жебірдей,
Мына Құдай, діні қатты темірдей.
Мелшиеді, босағамда міз бақпай,
Мен үзілсем – тар дүние кеңірдей ...



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ұяңдығың – тым әсем

  • 0
  • 0

Ұяңдығың – тым әсем,
Ақпалаған,
Сені көрсем –
бір сәтке шаттана алам.

Толық

Жерге тиіп бауыры көсілгенде

  • 0
  • 0

Жерге тиіп бауыры көсілгенде,
Арынынан танарсың есіңнен де.
Аттың буы – кетерсің айбаттанып,
Жұрттың мысын басасың сесіңмен де.

Толық

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын

  • 0
  • 0

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын,
Кенеуі жоқ бұ тірлік жалған, айым.
Бүгін-ертең дертімнен сауығармын,
Бекер босқа мені ойлап болма уайым.

Толық

Қарап көріңіз