Өлең, жыр, ақындар

Қарындасым, Гүлзираш, айналайын

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 452
Қарындасым, Гүлзираш, айналайын,
Кенеуі жоқ бұ тірлік жалған, айым.
Бүгін-ертең дертімнен сауығармын,
Бекер босқа мені ойлап болма уайым.
Тартып жүрміз тірліктің сыбағасын,
Айналсам ғой ақынға ғұлама шын.
... Жанарыңнан сөнбейтін жасын көрем,
Көкке өрлеген арманың құламасын.
Ұмытамын сырқаттың меңдегенін,
Мейірімге бұл күнде шөлдегемін.
Көңілімді келіпсің сұрай маған,
Пейіліңе мен сенің емделемін.
Көтеріліп қалдым ғой көрмесем де,
Алмасам да, ештеме бермесем де.
Барады озып уақыт алға самғап,
Гүлзира қыз, ендеше, өрле, сен де!
Жатар дейсің қашанғы сырқаттанып...
Сыйып кетер қайғым да бір қапқа анық.
Құлагердей мерт болсам арманым жоқ,
Алқа топтың алдында шырқап барып.
... Бермесем де, ештеме алмасаң да,
Келіп тұршы, Гүлзираш, анда-санда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүзіңді әжім басқан

  • 0
  • 1

Жүзіңді әжім басқан,
Кәрілік жеткені ме?
Сенде ғой қазына асқан,
Бұл өмір өтпелі ме?

Толық

Қоянкөздерің қиылып маған

  • 0
  • 1

Қоянкөздерің қиылып маған,
Дір етті жүрек секемшіл.
Ессіз сезімдер бұйығып қаған,
Есейіп кеттік, көкем, шіл.

Толық

Тәңір сені жаратпаған пенде етіп

  • 0
  • 0

Тәңір сені жаратпаған пенде етіп,
Тірлігіңде көп кездесті кем-кетік.
Көз аңғары зіл тартады құдайдың,
Қойғаны әттең қойыртпаққа шөлдетіп.

Толық

Қарап көріңіз