Өлең, жыр, ақындар

Шырықты алып, салды тағдыр сәңкіні

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 389
Шырықты алып, салды тағдыр сәңкіні,
Тиді маған сезіміңнің салқыны.
Дәме етті де менің шыбын жанымнан,
Ісіп қалды ажалыңның алқымы.
Қашып келем иманымды қамшылап,
Маңдайымнан шашты аямай таң «шуақ».
Қансыратып жүрегімді әбілет,
Көтереді найзасына шаншып ап.
Жүгіремін беталбатты дедектеп,
Қуалайды түз далаға жел-өкпек.
Жәбірейіл жанымды алса нетемін?
Албастыдай тұтқиылдан кенет кеп.
Басым – добы Алла деген жазғанның,
Сенделемін, жындануға аз қалдым.
Талғамым да жоғалғандай тозып тым,
Қос жанарым былшықтанып, баздандың.
Дәнеңені көре алмаймын дәйекті,
Қу тірлікке қулар бар ғой әй, епті.
Алашапқын адамдары, сақтай гөр ...
Мәні қашты сөздерімнің мәйекті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әулие

  • 0
  • 0

«Сексентауды» жайлаған,
Бастан бағы таймаған.
Тұрыпты бір қария,
Тұрмысты өзі жайлаған.

Толық

Сен менің аққумсың

  • 0
  • 0

Сен менің аққумсың
Ынтығымсың,
Алдыға қанат жайып ұмтыл, ұмсын.
Аққуға оқ атпайды,

Толық

Тағы менің туған күнім

  • 0
  • 0

Тағы менің туған күнім ...
Тегінде,
Таяй түсті сүйретіліп,
Өлім де.

Толық

Қарап көріңіз