Өлең, жыр, ақындар

Тағы менің туған күнім

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 501
Тағы менің туған күнім ...
Тегінде,
Таяй түсті сүйретіліп,
Өлім де.
Ақ қаршадай қанатымды сабалап,
Бір шағалам ұшып жүрді
Көгімде.
Жай түскендей астаң-кестең көңіл де.
Сағыныштың шілдесінде
Деміктім,
Су тамызар ауызыма
Келіп кім?
Сарығымды баса алмаймын
Сансырап,
Қу жүрекке сезімді әкеп
Теліппін.
Көкірекке күресінді көміппін.
Туған күнім.
Ойға түсті не түрлі,
Не бір жайттар мазамды әбден кетірді.
Жаһан көкке
Өтіп кетсем, шіркін-ай,
Жасап алып сағым, нұрдан
Көпірді.
Мына тірлік жек көреді...
Жекірді.
Нәркес жаным
Көтере алмай батпанды,
Қара жүрек – қақас күнге
Тапталды.
Безерленген бәдәуилеу дүние,
Ортасынан шарт сынуға
Шақ қалды.
Іздеп жүріп,
Мені әйтеуір тапты әңгі.
Сәуір туды сібірлетіп,
Ақ таңын,
Бірақ содан әсте ләззат таппадым.
Сәулім сенің, шырқың одан шырайлы,
Көңіл – түннің бір жұлдызын,
Жаққамын.
Аласұрып,
Жеті Қатты ақтадым.
Аққу қайтты
Құбыладан құбылып,
Көктемді алып,
Құс атаулы жұмылып.
Туған күнім – сол көктемнің ортасы –
Шоқ гүл жатты
Сабағынан жұлынып.
Елжіредім,
Көз жасыма құмығып.
Тағы менің туған күнім ...
Егілем,
Күйрек жанмын морт кететін
Тегі мен.
Той керек жоқ,
Айтшы маған ақтарып,
Кетпейтұғын көңілімнің көгінен,
Бір жылы сөз –
Ернеуімнен төгілем ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегіңде атқан таңдай гүл-үміт

  • 0
  • 0

Жүрегіңде атқан таңдай гүл-үміт,
Жанарыңнан тұрар бәрі білініп.
Сол бір дәулет: тек мен үшін жаралған,
Кетпесе екен уыз қалпың бүлініп.

Толық

Құйрығы қайқы дүрегей

  • 0
  • 0

Құйрығы қайқы дүрегей,
Кеудесі – есік, таң қалам.
Іргеде тұрып үреді-ей,
Тексізге тегі шамданам.

Толық

Шыдай ма кіл құсаға шамасы адам?

  • 0
  • 1

Шыдай ма кіл құсаға шамасы адам?
Ит аттап кетеді екен аласадан.
Тағдырдың татып жүрмін татасын көп,
Тәлеймен қалай ғана таласа алам?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар