Өлең, жыр, ақындар

Ақзер қыз

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 398
Ақзер қыз,
Сарыны өлең санадағы,
Айдыным тарылғандай шағалалы.
Көгімде қалықтаған көгілдірім,
Қанатын амалсыздан сабалады.
Жанымның жапырағы дірілдеген,
Өзіңді іздей берем іңірде мен.
Жанарың бір жалт етсе күлімдеген,
Таң көрем қабағыңнан сібірлеген.
Ақзер қыз – сарыны өлең мағаналы,
Айдыным қайта шалқыр шағалалы.
Жәутең көз көгілдірім,
селді жырдың,
Төгермін ақ нөсерін саған әлі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сілбілеп жауын жауды

  • 0
  • 0

Сілбілеп жауын жауды ...
Сұрқай ғалам,
Түксиіп, басты еңсені – сырт, айналам.
Сезімнің терезесін тамшы ұрады,

Толық

Шахмат

  • 0
  • 1

Малағамды бұрқ-сарқ еткен түндегі,
Білді құдай,
Өсекші де білмеді.
Ферзіменен «шах» жасады патшамыз,

Толық

Дүрліктірді отарба маң даланы

  • 0
  • 1

Дүрліктірді отарба маң даланы,
Жанға шабыт береді самғағаны.
Дөңгелектер әуенін тыңдап жатып,
Дімкәс көңіл соған да малданады.

Толық

Қарап көріңіз