Өлең, жыр, ақындар

Сілбілеп жауын жауды

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 637
Сілбілеп жауын жауды ...
Сұрқай ғалам,
Түксиіп, басты еңсені – сырт, айналам.
Сезімнің терезесін тамшы ұрады,
Жан таппай бебеу қағып, шырқ айналам.
Ақ нөсер апай-топай селдетеді,
Бір сәтке дамылдасаң нең кетеді?
Көк аспан – көз шарасы Ақзер қыздың,
Сағыныш саған деген шөлдетеді.
Сілбілеп жауын жауды түніменен,
Көңілге кірген еді, күнім, елең.
Жымиып бір күлесің, ынтықтырып,
Бітеді –
Біле алмаймын, түбі немен?
Ақ нөсер ақ жүзіңді шимайлайды,
Кеудеме
асқындайды симай қайғы.
... Кетермін батқан күннің шапағымен,
Өзіңнің қылығыңды қимай мәңгі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанымды жай таптырмай

  • 0
  • 0

Жанымды жай таптырмай …
Елегіздім,
Бал жағып, бармағыңды неге еміздің?
Көңілдің көк жиегі тас қараңғы,

Толық

Дөкір тірлік жеткізбей дегеніме

  • 0
  • 1

Дөкір тірлік жеткізбей дегеніме,
Байлап қойды қозыдай көгеніне.
Бұлқынамын, қайран жоқ, амал қанша,
Шырақ-үміт осылай сөнеді ме?

Толық

Бәсіре

  • 0
  • 0

Өмір біздің ойлағаннан басқарақ,
Көңіл кейде қасқырдан да ашқарақ.
Адамдардың бәрі бірдей бақытты,
Тек бақытсыз: сыр алдырар қас-қабақ.

Толық

Қарап көріңіз