Өлең, жыр, ақындар

Жанымды жай таптырмай

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 406
Жанымды жай таптырмай …
Елегіздім,
Бал жағып, бармағыңды неге еміздің?
Көңілдің көк жиегі тас қараңғы,
Тастанды қыстаулардай көне біздің.
Шабамын есім шығып, андағайлап,
Басымнан ауған екен, жалған-ай, бақ.
Дүние көзге түртсе көрінбейді,
Мен бір жан кеткен дұшпан талға байлап.
Жүрегім қасіреттен қан қақсаған,
Кім болды қол жұмсаған алғаш маған?
Айналып шапақ-нұрға
Зәудеғалам,
Әлемге кетсем ұшып жан баспаған.
Байқасам, әлдеқашан өлген екем,
Болыпсың баяғыда-ақ сен де бөтен.
Қалайша ессіз соқыр күйге түстің?
Бір басым қалың сордан кенде ме екен?
Жанымды жай таптырмай …
Елегіздім,
Білдім де адасқанын кемеміздің.
Кеудемнің қазынасы – қалың құса,
Жолымыз екі айрылды неге біздің?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрекке арыз

  • 0
  • 0

Жылап қалды нәресте қалтаңдаған,
Кетті әкесі соңына жалтаңдаған.
Дәрухана.
Жүрген ем ауласында,

Толық

Қара суық

  • 0
  • 1

Қара суық,
Долы жел шамданады,
Жеп. Жұлынып,
Лағады маң даланы.

Толық

Шарбы бұлттың ар жағында

  • 0
  • 0

Шарбы бұлттың ар жағында –
Ай-ғалам,
Жылыстайды,
Тартады оны қайда дәм?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар