Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс жыры

  • 03.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1085
Күндегіше бейғам торғай шырылдап,
Бал арасы алуан гүлден шырын ап,
Шекарада біздің таңғы күзетті
Көзбен көpiп, бip өтпеді, жүз өттi.
Taнкіміз де, зеңбірек те тіркелген
Ол сағатта жасыл мия бүркенген.
Күзетте еді. Солдат казармадағы
Әлі жым-жырт...
Әлі ұйқыда о дағы.
...Ойда жоқта: бола қалды у да шу,
Ылайланды аспанда бұлт, сайда су.
Шыға келсек,
қайың басы,
тал басы
Фашизмнің қара құзғын, қарғасы.
Сол сағат қой дене мұздап, қызғаны,
Бүкіл Отан ic жоспарын бұзғаны.
Қайда көрсек, қызыл-күрең бөpттi алап,
Әpбip үйдi ұзын тілмен өрт жалап.
Сол сағатта-ақ жараланған жер үcтi,
Бізден ғaнa үміт eттi жеңісті.
Әркім бізде жұдырықтай жүректі
Адам мәңгі айта қалар жыр eттi.
Бiз өмірдi неше сүйдік, тоймадық,
Ал ажалдан қорықпадық, таймадық.
Төрт жыл мұз, тас кеудемізді қарыды,
Төрт жыл оғы денемізге дарыды.
Барлық туыс бipгe көрдік жәбір де,
Өлгеніміз құшақтасты қабірде.
Қалғанымыз түгел кipiп атысқа,
Шыққан күнмен бipгe бардық Батысқа.
Өлдік те бiз, өлтірдік те ұрыста —
Орман, дала, көшелерде, бұрышта,
Өз қанымыз алып бердің жеңісті,
Жаудың, қанын үрлеп-үрлеп жел iшті.
Астанада — жүрегінде елімнің,
Ұйқыдағы Владимир Лениннің
Бас жағына әкеп қойды жыл гүлді,
Аяғына жаудың туы жығылды.
Ұмытпаймын сондағы бip салютті —
Көкшіл аспан көз алдымда әлі отты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мойнақтағы таң

  • 0
  • 0

Таң сәріден тұрып мен
Ояна кетсем — бес жарым.
Қайда кеткен түркімен,
Қырғыз, өзбек достарым?!

Толық

Сағидолла Құбашевқа

  • 0
  • 0

От пен су, тау мен тастың басқан үстін
Не қилы харакетті басқарыстың.
Есепке бip-aқ рет еңкеюші ең
Тындырып бәpiн бастан асқан icтiң.

Толық

Қуандыққа

  • 0
  • 0

Ұранға — «Шаңғытбаев жасасынға»
Ұрынып қалармын деп қашасың ба?
Әйтеуір, дәрежесіз, дәнеңесіз
Келесің таудай өнер тасасында.

Толық

Қарап көріңіз