Өлең, жыр, ақындар

Сағидолла Құбашевқа

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 233
От пен су, тау мен тастың басқан үстін
Не қилы харакетті басқарыстың.
Есепке бip-aқ рет еңкеюші ең
Тындырып бәpiн бастан асқан icтiң.
Қатал сын, қатыгез күн кезіккенде
Жотаңды аямадың не жүктен де.
Ең ауыр бастаманы қозғаушы едің
Қашқандай азабынан безіп пенде.
Бip жан жоқ ойын түбін түсінбеген
Жұрт ceнi жаны жайсаң кiciм деген.
Қолпаштап халық қанша мақтаса да,
Сендегі көздің eтi iciнбеген.
Бұл шындық неге солай? Білесің бе?
Мұнша күш сенің ғана үлесің бе?
Атанның қаны мен ол анаң cүтi
Жүру шарт жүз жыл бойы бұл есіңде.
Қарсы алып өлeңiмeн тұрса таңды
Талмайтын Хамит ағаң жыршы атанды.
Иінге ілсем ол да киелі деп
Ки енді менен де сен бip шапанды!

21.03.1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытпан

  • 0
  • 0

Ұмытпан фашизмнің мені атқанын,
Жендетке бала өлігін санатқанын;
Мектепке біз оқыған мал қамады,
Өлді ана, құлағымда оны атқан үн.

Толық

Сәбитке хат

  • 0
  • 0

Ақын аға!
Кең жазық —
Облысың Қостанай.
Ол туралы сен жазып,

Толық

Қызғалдақ

  • 0
  • 0

Маған, міне, хат әкеліп балам жүр,
Ашып көрсем таңғажайып болам бip.
Онда менің алыстағы iнімнің
Отты жанын жарып шаққан балаң жыр.

Толық

Қарап көріңіз