Өлең, жыр, ақындар

Домбырам сынған

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 361
Сырласым едің, сен, кешір мені,
Сен, кешір мені, сыңарым.
Сынық көңілім пернесіндегі
Сыңсу-сыңқыл боп тынамын.
Аспанның бұйра бұлтының қалың
бұйраттарынан әрі аунап,
Мен шерткен күйдің сылқым ырғағын
Ай жаққа әкеткен жел айдап.
Ай жаққа ауған бар күйім менің
Лебімен түнгі үкінің.
Әйбат түндердің әлдиін керім
Бұзбайды зілді зікірім.
Бар күйім менің Ай жаққа ауған
Үкінің мұңлы лебімен.
Кеудемді әркез сайратқан арман
Бірге жөнеген сенімен.
Бірге болмайды менімен мүлде
Күй де, мұң да енді тым жырақ.
Мешінге айналам меңіреу күйде,
Меңіреу күйде тұнжырап.
Тынамын солай тұнжырап мәңгі,
Өкпемде өшіп бұла дем.
Тек Айлы түнде мұңлы бақтарды
Жүреді кезіп бір әуен.
Сен, кешір мені...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақтоғай

  • 0
  • 0

Тағдыр ләмі тізілетін тақтадай
Жадыма әкеп жазып берген Һақ-талай.
Жүректегі жырларымның ұйқасын,
Сенен табам, сенен алам, Ақтоғай!

Толық

Сексеуіл

  • 0
  • 0

...Күнәға кешірім жоқ ешқашанда,
Тірлікті қайта бастан бастасаң да.
Кемді күн қызық дәурен өте шығар,
Кешігіп кешу айтып қоштасарға.

Толық

Шайтан ағаш

  • 0
  • 0

“Қара да беріш қайың боп” қаттым,
нала-сырды еміп желегім.
Сазды жер сор боп, уайым-батпақтың
жағасында өніп келемін.

Толық

Қарап көріңіз