Өлең, жыр, ақындар

Тағы да саған

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 432
Сен неткен әдемі едің?!
Аппақ гүлім, ақ қанат көбелегім!
Жанарыңда, жаныңда бейкүнәлік,
Сені бәрі періште дейтіні анық.
“Пері” деп ең сен мені.
Есіңде ме?
Сері емеспін, перімін.
Кешір, неге?
Мен ғой періштелікті сенен көрем,
Ал сен артық санайсың мені өңгеден.
Сен — періште.
Мен — пері.
Пенде емеспіз,
Бір-ақ жанбыз екеуіміз, бөгде емеспіз.
Мендегі бар сезімнің сенде бәрі,
Сезгіш көңіл мұны да аңғарады.
Пәктік сенде.
Емес ол жараланған,
Жүрегіңде — нұр-үміт, алау-арман.
Менің жаным сыр мен күй тола қалған,
Соның бәрін тек сенен, сенен алғам.
Ол кеше-тін...
Ал қазір сен де жалғыз,
Мен де жалғыз.
Көңілде — саржағал күз.
Талай таңың мені ойлап атқан шығар,
Шық боп тұнып кірпікке пәк тамшылар.
Мен де солай, тамаққа тас кептеліп,
Мөлтек мұңдар жанарға жас боп келіп,
Жас боп кетіп...
Өзгермей күндегі рай,
Сағат санап сарғайып жүргенім-ай!
Күндерім-ай, өзіңсіз жалғыз өткен,
Түндерім-ай, сені аңсап таң күзеткен.
Сені ғана тілейді жан дүнием,
Сенің өртің-дертіңе мәңгі күйем.
Түн қойнынан тұнжырап қарасыңнан,
Менің жаным жай таппай аласұрған.
Сенің, сенің сыңғырлап бір күлгенің,
Жүрегімнің лүпілі бұл күндері...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтуайт

  • 0
  • 0

Нартымен өртей салып мұң-қапаны,
Тұсынан Алтуайттың Күн батады.
Ымыртта күнбатыстан көшкен сәуле,
Маған бар көне шерді жырлатады.

Толық

Жазу

  • 0
  • 0

Кеудемді көмкергем арманмен,
Ақтарсам бола ма қажеті?
Есімде мектепте, балдәурен,
Содан соң...

Толық

Ертең

  • 0
  • 0

Адыр-адыр, дөң-белес, қырқа-қырат,
Ертең қардан құтылып гүл тағынад.
Ертең анау аспанның кемерінен
шұбатылып, шұбырып бұлт ағылад.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар