Өлең, жыр, ақындар

Мен бұлтпын үнсіз сырғыған

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 666
Мен бұлтпын үнсіз сырғыған
Адамзат шөлінің үстімен,
Абылдың көрінің үстімен.
Қабылдың күнәсін шыжғырған
Тәңірдің шоғының үстімен.
Мен бұлтпын тұтасқан зілмауыр,
Қорғасын қайғы бар кеудемде,
Шемен бар сірескен шерменде.
Соңымнан ілесіп сұр дауыл,
Дертіме бір дауа бермеуде.
Мен — бұлтпын!
Жай тілсе жонымды
қападан түнерген түтігіп,
күркіреп, долданған құтырып.
Тірлікте таба алмай жоғымды,
Түнекке барамын жұтылып.
Мен — бұлтпын...
Жанымды ұғар кім,
теңселіп қашанғы шыдармын!
Төгем бір көзімнің көл жасын,
Суырылар кеудемнен қорғасын.
Уындай шер кетіп жыланның,
Өксіп бір өкіріп жылармын:
Нұр төгіп пенделер шөліне,
гүл өріп Абылдың көріне,
сейілер тұтасқан мың күнәм.
...Мен бұлтпын үнсіз сырғыған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіме

  • 0
  • 0

Ей, ақеділ ақындары Қарағандының!
Қайсыңды табам қарбалас қаладан бүгін?
Кеудеңе тығып жүрмісің елге көрсетпей,
Алланың көктен ерекше тараған нұрын!

Толық

Бейбарыстың елге оралуы

  • 0
  • 0

Жолына басты тігіп Һақ Тәңірдің,
Боз таңда мақпал қара атқа міндім.
Бозаңға боз жусандай бұрлыға өсіп,
Көктемде көк Ніл болып ақтарылдым.

Толық

Алтуайт

  • 0
  • 0

Нартымен өртей салып мұң-қапаны,
Тұсынан Алтуайттың Күн батады.
Ымыртта күнбатыстан көшкен сәуле,
Маған бар көне шерді жырлатады.

Толық

Қарап көріңіз