Өлең, жыр, ақындар

Домбыра сыны

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 552
Күйші Төлеген Момбековке

Сұраймын бір домбыра Сізден жаңа,
Уантар, тартқан кезде көңілім нала.
Үйренбес әсте өнер жоқ мен ашынсам,
Күйден де күдерімді үзбен, аға!
Секілді құдды Сіздің мінезіңіз,
Үкілі сал домбыра жіберіңіз;
Тұлпардың қүйрық-жалы сүзілгендей –
Түйілсін қанжығаға шідеріңіз.
Ұзартып әже болған қыздың жасын,
Қос ішек талмаурасын, ызыңдасын;
Өткенге аянышпен қамықса да,
Көңілдің шырқы бүгін бұзылмасын.
Секілді құдды Сіздің мінезіңіз,
Үкілі бір домбыра жіберіңіз.
Құлағын бұрасаңыз бір мен үшін.
Еншалла, қабыл болар тілегіңіз.
Ақ айдай төсіне ақ айна қонсын,
Көргенде әр адамның көңілі толсын.
Тілмәшсыз түсінікті тыңдағанға,
Сапырған сағыныштай үні болсын,
Шешіліп жақсыларға күмбірлесін,
Қитығып жамандарға міңгірлесін.
Мен де өзім жұртқа қарай шертемін сыр,
Мінімді тірі жанға білдірмесін.
Қарны ашқан бейне сәби қыңқылдасын,
Наздасқан бейне жеңге сыңқылдасын.
Екі шек он саусақтан түгел иіп,
Көнегі саулы інгендей ыңқылдасын.
Көкейдің кейінгіге ырқы барар,
Үлесін күй-табақтан жұртым алар.
Мен кетсем, жаңа талап етер мирас –
Құндақта сала-құлаш тұрқы қалар!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әңгелек

  • 0
  • 0

Сап-сары боп дөңгелеп,
Пісіп те қапты-ау әңгелек.
Қимай тұрмын үзуге,
Ақынға, бірақ, дәм керек.

Толық

Қойшы перзенті

  • 0
  • 0

Шашып тұр күн шығыстан,
Арайлап таң атқанда аппақ.
Төрт түлік мал әрбір тұстан,
Шықты өріске өре қаптап.

Толық

Шымкентім!

  • 0
  • 0

Шымкентім менің, Шымкентім,
Шыр етіп түскен босағам.
Өзіңмен мәңгі ниетім,
Жүректе тамшы болса қан.

Толық

Қарап көріңіз