Өлең, жыр, ақындар

Әңгелек

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1563
Сап-сары боп дөңгелеп,
Пісіп те қапты-ау әңгелек.
Қимай тұрмын үзуге,
Ақынға, бірақ, дәм керек.
Исі шыққан әңгелек,
Ақынға тәтті дәм керек.
Сіңлісінен қауынның
Талғампаз таңдай дәндемек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кенже

  • 0
  • 0

Сарғайған сағыныштан, Рауаным,
Ұйқысыз атты талай арай таңым.
Туған ең атқанда таң рауандап,
Атыңды қойдым содақ, ұқшы, жаным!

Толық

Біреуге

  • 0
  • 0

Жүзіңде тұл қараулықтың күзі бар,
Күзіңде кіл жаяулықтың ізі бар.
Асығыңның алшысы жоқ, шігі бар,
Қасығыңның тамшысы жоқ, жігі бар.

Толық

Келдім мен астанама бағынышпен

  • 0
  • 0

Келдім мен астанама бағынышпен,
Мойынға жырдан тұмар тағынышпен.
Жастықтың осында өткен күнін жоқтап,
Болдырмас болашаққа сағынышпен.

Толық

Қарап көріңіз