Өлең, жыр, ақындар

Қағады жігіт кақпаны

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 851
Қағады жігіт кақпаны,
Жұлқынады ит абалап.
Үйге бұл салған «аттаны»,
Келді деп ұры жағалап.
Ах, азулы овчарка,
Танымай жүрсің ұрыңды.
Жарты ғасыр жас шарқы,
Ұрың бір сұм жырынды.
Көлікке-темір өңгертіп,
Көшемен сырғып өтерде,
Еркелеткенін жөн көріп,
Табаныңды көтерме.
Өз қожаң – сенің шын ұрың,
Белгісіз жолмен байыған.
Мойныңа салып шынжырын,
Сырғызған қарғы шайыдан.
Мінберге шықса шалқайып,
Қайыспен қарнын қынаған.
Жаттанды сөзбен қартайып,
Туынды сөзді сынаған.
Бәйбішесімен ерігіп,
Дачаға кетті ол таудағы.
Балдызы үйде зерігіп,
Аңсайды биді баудағы.
Балдызға сол хабарла:
Келіп тұр абзал әріптес.
Махаббат шайқар самалда
Жарасар жасқа сауық кеш.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үшбас өзені

  • 0
  • 0

Үш қайнардан құралған
Арналы Үшбас өзенім,
Сын түйісіп, сыр алған
Түседі-ау еске кезеңім.

Толық

Аттың сыны

  • 0
  • 0

Енеден қарабайыр текті туған –
Бәйге аты қаны толық болсын будан.
Желіксе ескен желге салсын әлек,
Перідей сары белден сағым қуған!

Толық

Көз көргеннен

  • 0
  • 0

Тұрмыс мені желсөзге серік қылған,
Маған да жұрт қосылды, еріп қырдан.
Кей серігім желікті желсөзімнен,
Өзіме де обал жоқ, қарап тұрман!

Толық

Қарап көріңіз