Өлең, жыр, ақындар

Каспий

  • 29.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1025
Каспий, Каспий,
Бетiң толқын, толқын сенiң әрi астың,
Келмейдi ғой
Ойынқұмар толқыныңмен таласқым.
Айтшы маған,
Мына тұрған жағаңдағы жартаста
Табанының iзi бар ма
Ұлы ақын Тарастың?
Өстi ме әлде
Осы жерде тамыр жайып жыр-бұтақ,
Бәсе, солай,
Жағалауың өлең болып тұр тұтап.
О, қарт Каспий,
Қойынында талантынан Тарастың
Туып қалған шығар, бәлкiм,
Теңiз жайлы бiр кiтап.
Сөйле, Каспий,
Тыным бермей жатыр ма әлде шу саған?
Жаңағы бiр тентек толқын
Секiлдi ғой жусаған...
О, Каспийiм,
Композитор болар едi-ау керемет,
Өзiңдей боп
Мың бiр үнмен тебiренiп туса адам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өз жүрегім өз кеудемді ұрғылап...

  • 0
  • 0

Өз жүрегiм өз кеудемдi ұрғылап,
Тамырлармен жүгiредi бiр бұлақ.
Отырамын ойларымның ойпатын
Тыным таппай бұрғылап...

Толық

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Түсімде жерге қонбай ұшып жүрсем,
Өңімде көше кезіп жаяулаймын.
Түсімде бір сұлуды құшып жүрсем,
Өңімде Мәжнүнге таяу қайғым.

Толық

Ақ білектер

  • 0
  • 0

Ақ бiлектер ұстата ма,
Ақ тамақтар сүйгiзiп?..
Кәрi мерген құсты ата ма,
Қанатына тигiзiп?..

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар